Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Әуесбаев: Қазақстандықтардың басты жауы – жүйелі сыбайлас жемқорлық

Опубликовано:

ҚР Президенттігіне кандидат Н.С.Әуесбаев
Фото: ҚР Президенттігіне кандидат Н.С.Әуесбаевтың штабы

Дамудың осы кезеңінде Қазақстанның алдында тұрған бірінші кезектегі мәселе – саяси жүйені реформалау. Бұл жөнінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев өзінің сайлауалды бағдарламасында баса айтады. Біз кандидаттың нақты қандай ұсыныстары бар екенін білуді жөн көрдік.

– Қайырлы күн! Саяси реформалар жайлы айтқанда сіз нені меңзейсіз?

– Қайырлы күн! Бірінші кезекте, қандай да бір диктатураны құру үшін кез келген мүмкіндікті жоюды ұсынамын. Президент жоғары билік монополисі болуын доғару қажет. Оның қызметін қайта қарастыру керек. Мемлекет басшысы халықаралық деңгейде жоғары өкілдік қызметтерін атқарып, билік органдары арасындағы теңгерімді қамтамасыз етіп, мемлекет қауіпсіздігіне жауап беріп отыруы тиіс.

Күшті президенттің орнына бізде күшті бір палаталы парламент болуы қажет. Сенатты жою керек. Бұл мәжілістің қызметтерін қайталайтын қажеті жоқ орган. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық округтар бойынша сайланады. Мәжілісті үкімет құрады.

Қорыта айтсақ, Қазақстан президенттік республикадан парламенттік-президенттік республикаға айналуы тиіс.

– Бұл бізге не береді?

– Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күшті соққы жасауға мүмкіндік береді. Халықтық парламент бюджеттің орындалуын толық бақылайды. Жемқорлар халықтың ақшасын бұрынғыдай оңайлықпен ұрлай алмайды!

Әрине, бұл атқарар істің бір бөлігі ғана. Жүйелік сыбайлас жемқорлық – қазақстандықтардың басты жауы.

Бізге бірқатар қатаң шараларды жүзеге асыру керек. Мәселен, Қазақстанда барлық шенеуніктердің кіріс-шығысы туралы міндетті жария декларация шұғыл түрде енгізілуі тиіс. Барлық деңгейлі шенеуніктердің кірістері мен шығыстары жөнінде декларация құпия құжат болмауы тиіс.

Шенеуніктер өздерінің қалталары емес, халықтың мұң-мұқтажын ойлауы қажет. Адал еңбек әділетті төленуі тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын өсіру керек. Олар параға әбден үйреніп алған алаяқтарға емес, халыққа қызмет етуі тиіс. Жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жазаны бірнеше есе қатаңдатып, мүлікті міндетті тәркілеу қажет. Жемқорларды мерзімінен босату құқығынан айыру керек.

Жемқорлыққа қарсы күрес өз нәтижесін берсін десек, Антикорды мәжіліске қарату керек.

ҚР Президенттігіне кандидат Н.С.Әуесбаев
Фото: ҚР Президенттігіне кандидат Н.С.Әуесбаевтың штабы

– Сонда бағдарламаңыздың басты назарында саяси реформалар мен жемқорлықпен күрес пе?

– Мүлдем олай емес. Менің бағдарламаның басты назарында – адам, жалпы мемлекеттік саясаттың басты назары адамда болуы тиіс!

Азаматтарымыздың лайықты өмір сүруі үшін қазақстандықтардың өмір сапасының Стандартын енгізуді ұсынамын. Стандартта дұрыс тамақтанудан бастап, демалысты да өз ішіне қосатын адамның барлық қажеттіліктері қамтамасыз етіледі.

Медицина және білім беру саласы бюджеттен қаржыландырылады. Әр салаға жылына ЖІӨ-нің ең кемі 5-7%-ы бөлінуі керек. Тек осындай нақты қадамдар арқылы ғана адам капиталының сапасын артыруға болады. Экономика дегеніміз, бірінші кезекте, адамның өзі. Бізге оның өсімін қамтамасыз ететін білікті мамандар керек.

Мектеп, балабақша, аурухана тапшылығы мәселесін біржола шешу қажет. Бұл дәл қазір қажет етілетін ұзақ мерзімді инвестиция.

Кезек күттірмейтін мәселелердің тағы бірі – тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету. Көп қазақстандық баспанасыз жүр, көбі тек несиеге ғана ала алады. Осы кезекте тұрғын үй мәселелерін қайта қарауды ұсынамын. Бүгінгі бағдарламалардың дені тұрғындарды ынталандырудың орнына құрылыс салушылардың мүддесіне жұмыс істеуде.

– Бұл қадамдарға қажетті қаражатты қайдан алуға болады?

– Оффшорлардан. Жобамен есептегеннің өзінде біздің Ұлттық қорымыздың үшеуіне тең келетін әлеует оффшорларда жатқаны мәлім.

Одан бөлек, салық саясатын қайта қарастыруымыз қажет. Нарықта ауқымды үлесті иеленіп отырған компаниялар мен конгломераттар ел бюджетіне айтарлықтай көп төлем енгізуге міндеттелуі тиіс, осылайша үкіметтік әлеуметтік бағдарламалар қаржыландырылады. Біз олардың есебінен мемлекет қарызын азайтып, Ұлттық қордан ақша жұмсағанды қоюымыз керек.

Қорыта айтсақ, ұсыныстарымыз көп. Жалпы, бізде жеңіске жетуге қажетті дүниенің бәрі бар.

Әзірлеуші: ҚР Президенттігіне кандидат Н.С. Әуесбаев штабы 

Мекенжай: Қабанбай батыр 5/1 

Тапсырыс беруші: Н.С. Әуесбаев

ҚР Президенттігіне кандидат Н.С. Әуесбаев сайлау қоры есебінен төленді 

*Бұл ақпаратты кез келген БАҚ-та кез келген түрде көшіруге, жариялауға, қайта басып шығаруға, көбейтуге және/немесе таратуға тыйым салынады (веб-сайтта, БАҚ-тың әлеуметтік желілердегі, әлеуметтік және блог-платформалардағы аккаунттарында, мессенджерлерде жариялау және қайта жариялау); сондай-ақ бұл ақпаратты кез келген әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жалпыға ортақ және жеке аккаунттарда таратуға және репост жасауға тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1996884-nurlan-auesbaev-qazaqstandyqtardyn-basty-zauy-zuieli-sybailas-zemqorlyq/