Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚР Еңбек министрлігі: ғылыми зерттеулер қазақстандық еңбекті қорғауды басқару жүйесінің міндетті элементі болып саналады

Опубликовано:

Фото
Фото: pixabay

Халықаралық еңбек ұйымының №187 Конвенциясының негізгі талаптарына сәйкес Қазақстанда ғылыми зерттеулер еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесінің міндетті элементі болып саналады. Осы саладағы ғылыми әзірлемелер туралы ҚР ЕХӘҚМ "Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" ШЖҚ РМК бас директоры Шолпан Әбікенова айтып берді.

Қазақстанда еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесі шеңберінде қолданыстағы әдісті орнын толтыру тәсілден тәуекелге бағдарланған тәсілге трансформациялау бойынша жұмыстар басталды.

"Орнын толтыру әдісі әлеуметтік экономикада жоспарлы-орталықтандырылған басқару кезінде енгізіліп, онда мемлекет жалғыз жұмыс беруші ретінде әлеуметтік және кәсіптік тәуекелдер үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Қазір нарықтық жағдайда мемлекет заңнамалық базаны қамтамасыз ету жағынан әлеуметтік қорғаудың кепілгері рөлін өзіне қалдырып, ал еңбекті қорғауға байланысты мәселелерді шешу жұмыс берушілерге жүктелді.

Сонымен қатар әлеуметтік қорғау деңгейі әрбір нақты кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі мен кәсіптік тәуекелдер деңгейіне байланысты болуы және жұмыс берушіні еңбек жағдайын жақсартуға ынталандыруы тиіс", - деп түсіндірді Шолпан Әбікенова.

Қазақстанда халықаралық нормалармен үйлестіру негізінде еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін жаңғырту көзделіп отыр. Бұл 2030 жылға дейін бекітілген қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының бағыттарының бірі болып саналады.

Осыған байланысты екі жыл бұрын ҚР Еңбек кодексіне институттың ғылыми зерттеулерінің нәтижесі бойынша кәсіби тәуекелді бағалау және еңбекті қорғауды басқару жүйесі сияқты ұғымдар енгізілді.

Сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты екі нормативтік-құқықтық актіні қабылдауға бастама танытты: кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидаларын белгілеу және барлық нормативтік құжаттар мен құралдарды еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесіне байланыстыру. Бұл халықаралық стандарттар негізінде еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін құрудың алғашқы қадамы болып табылады.

"Қазіргі уақытта институт еңбекті қорғау бюджетін есептеу бойынша ғылыми әдістемелер жасаумен айналысады. Біз қауіпсіз еңбек ету құқығын қамтамасыз ету үшін бір қызметкерге қанша қаражат қажет деген сұраққа жауап беруіміз керек", - деді Шолпан Әбікенова.

Бұдан басқа, ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз ету кезінде тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізу бойынша әзірлемелер жүргізуде.

Қазақстанда, бұрынғы одақтың басқа елдеріндегідей, қазір қызметкерлерге олардың кәсібіне байланысты ЖҚҚ норма бойынша қатаң түрде берілетін нормативтік тәсіл қолданылады.

"Бұл нормалар өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап шамалы өзгерістермен келеді және қазіргі кәсіпорындардағы тәуекелдерді мүлдем ескермейді", - деп атап өтті ғылыми-зерттеу институтының бас директоры.

Егер бұрын барлық өндіріс бірізді болса және, айталық, Қарағандыдағы металлургия комбинаты Жамбыл облысындағы тиісті өндірістен айтарлықтай ерекшеленбесе, бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді.

"Комбинаттың барлығы бірдей металлургиялық өнімдерді шығаруды жалғастыруда, бірақ, айталық, екі түрлі технология тұрғысында. Ал жеке қорғаныс құралдары тәуекелдерге қарамастан, сол норма бойынша беріледі. Бүгін біз ЖҚҚ беру кезінде жағдаяттардың барлық қырын ескеретін осы тәсілді өзгерту тетігін пысықтап жатырмыз. Алдағы екі жыл ішінде бұл тетік заңнамалық түрде енгізіледі деп үміттенеміз", - деп толықтырды Шолпан Әбікенова.

Институттың ғылыми-зерттеу жұмысының тағы бір маңызды бағыты сақтандыру бағдарламаларын дамыту болып саналады. Егер олар бүгінде оқиға аяқталған соң ғана, яғни жазатайым оқиғадан соң жүзеге асырылса, болашақта алдын ала қолданылуы керек.

"Сақтандыру компаниялары өндірістегі еңбекті қорғау жағдайын жақсартуға белсенді атсалысып, жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау үшін жұмыс істеуі қажет", - деп түсіндіреді Шолпан Әбікенова.

Институт және оның аймақтардағы 12 филиалы еңбекті қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді ілгерілету үшін жергілікті жоғары оқу орындарымен белсенді жұмыс істеуде.

"Жалпы еліміз бойынша ғылымды біркелкі дамыту мақсатында біз жоғары оқу орындарының оқытушыларымен ынтымақтасып, оларды ғылыми жұмыстарды орындауға тартамыз.

Бұл ғылым мен білім беруді тиімдірек біріктіруге мүмкіндік береді. Ғылыми тақырыптар мен әзірлемелер оқу курстарына енгізіліп, диплом жұмыстары мен диссертацияларда зерттеу нысандары ретінде ұсынылады: қазір ғылыми тақырыптар бойынша үш магистрлік және екі докторлық диссертация дайындалуда. Мұндай өзара іс-қимыл оң нәтиже беретіні сөзсіз", - деп атап өтті ғылыми-зерттеу институтының бас директоры.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1997052-qr-enbek-ministrligi-gylymi-zertteuler-qazaqstandyq-enbekti-qorgaudy-basqaru-zuiesinin-mindetti-elementi-bolyp-sanalady/

pixel