jitsu gif branding logo appbranding logo app

Салтанат Тұрсынбекова Қарақат Әбденді сайлау науқанынан бас тартып, өз командасына қосылуға шақырды

Салтанат Тұрсынбекова
Салтанат Тұрсынбекова. Фото: Facebook/Saltanat Tursynbekova

Қазақстан президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауға түсіп жатқан тағы бір кандидат Қарақат Әбденге сайлауға түсуден бас тартып, өз штабына қосылуға шақырды. Бұл туралы Салтанат Тұрсынбекова өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Қарақат Әбденге сайлау науқанынан бас тартып, менің штабыма қосылуға шақырамын.

Әбден Қарақат Жақсылыққызының бағдарламасын талдап, кездесулерін сараптай келе, кей тұстарда ойымыз тоғысатынын түсінемін. Екеуміз де әйелдің қоғамдағы орнын, оның маңыздылығын айтып жүрміз.

Бірақ айта кетейін, Қарақат Жақсылыққызының саяси тәжірибесі аз, сайлаушылармен кездесулерде оның бағдарламасының жөн-жосығын түсіндіріп, мәдени-бұқаралық іс-шаралары үшін түсініктеме беруіме тура келеді.

Қарақатты өз командама шақырамын. Әйелдердің дауысы басым әрі анық шығуы үшін біз бірігуіміз керек.

Сайлаушылардың дауысын екіге бөлмей-ақ қояйық.

Қарақат Жақсылыққызы, сайлау науқанынан бас тартып, менің командама, штабыма қосылыңыз. Әйелдер мен отбасының мүддесін алға жылжытуға бірге күш салайық!", - делінген жазбада.

Салтанат Тұрсынбекованың сөзінше, қарсыласы ұсынатын бастамалардың көбі оның сайлауалды бағдарламамның бір блогында ғана – "Халықты әлеуметтік қорғауда" қамтылған.

"Дегенмен, мен сот-құқықтық реформаны, мемлекеттік институттарды демократияландыруды, азаматтық қоғамды дамыту үшін елеулі өзгерістерді де ұсынамын.

Сонымен қатар, мен құқық қорғаушымын, көп жылдан бері әйелдердің құқығын қорғаумен айналысып келемін. Қазақ әйеліне, қазақ отбасына не керек екенін бес саусағымдай білемін", - дейді Қазақстан президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.