Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы туралы не білеміз

Опубликовано:

Ақтөбе қаласы "Астана" ауданы
Фото: Ақтөбе қаласы "Астана" ауданы әкімдігі

"Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы туралы не білеміз? Оның мақсаты қандай? Бағдарлама аясындағы жобаларға қанша қаражат бөлінді. Осы және өзге де сұрақтарға жауапты материалдан оқыңыз.

Ақтөбе қаласы Астана ауданы бойынша "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы 2020 жылдан бастап қолға алынған. "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыруға болатын жұмыстар тізімі:

  1. Аумақты көгалдандыру;
  2. Тротуарларды жайластыру;
  3. Тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
  4. Ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
  5. Бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
  6. Қоқыс тастайтын жерлерді жою;
  7. Ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар, балалар ойынына және ересек тұрғындардың демалуына арналған жабдықтар мен конструкцияларды орнату және жөндеу;
  8. Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.
Ақтөбе қаласы "Астана" ауданы
Фото: Ақтөбе қаласы "Астана" ауданы әкімдігі

Тұрғындардан 2020 жылы 41 жоба қабылданып, дауыс беру кезеңінен өткен 10 жоба 2021 жылы іске асырылды. Жобаның негізгі бағыттары:

  • Жаңақоныс, Құрашасай, Сазды т/а Айболит бау бауқша ұжымында балалар және спорт алаңдарын орнату және жөндеу - 8 жоба;
  • Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттілігіне жаяу жүргіншілер өткелін жайластыру (аудан бойынша 33 көше) - 1 жоба;
  • №9 мектепке дейін тротуар орнату - 1 жоба.

2021 жылы 10 жобаны жүзеге асыру үшін 50 000 теңге қаражат бөлінді.

2021 жылы 17 жоба қабылданып, дауыс беруден өткен 11 жоба 2022 жылы жүзеге асырылды. Атап айтқанда:

  • Мәңгілік ел көшесі №16 үй бойынша балалар ойын алаңын абаттандыру;
  • Қанағат т/а балалар ойын алаңын орнату;
  • Мәңгілік алау скверіндегі баскетбол алаңын ағымдағы жөндеу;
  • Ағ.Жұбанов көшесі 300/1 үй ауласына балалар алаңы, спорт және футбол алаңын, көше тренажерларын орнату;
  • Сазды тұрғындар алабында саябақ салу және №47, №19, №20, №39, №10 орта мектептерге дейін жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынды.

Жаңақоныс т/а №5 үй ауласын абаттандыру, балалар ойын алаңына орнату жобасын жеңіп алған мердігер мекеме жұмыстарды уақытылы орындамауына байланысты, жосықсыз қатысушысы деп тану мақсатында сотқа талап арыз жолданып, жобаның атқарылуы келесі жылға шегерілді.

Ақтөбе қаласы "Астана" ауданы
Фото: Ақтөбе қаласы "Астана" ауданы әкімдігі

2022 жылы жобаларды жүзеге асыру үшін 146 487 теңге қаражат бөлінді.

2022 жылы 80 жоба қабылданды. Оның ішінде Сараптамалық кеңес 57 жобаны мақұлдап дауыс беру сатысына жіберілді. 2023 жылы тиісті дауыс жинаған 51 жобаны жүзеге асыру жоспарға қойылды. Бүгінгі күні сметалық құжаттар рәсімделіп, бөлінетін қаражат нақтылануда.

Тұрғындардан көпқабатты үйдің ауласындағы балалар алаңы ескірген жағдайда, заманауи алаң салу, ауласын абаттандыру, жарықтандыру және шалғайда орналасқан тұрғын үйлердің аумақтарында спорт алаңын, ойын алаңын салу, жаяу жүргіншілер жолын орнату мәселесі бойынша "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасына белсенді қатысып, өз жобасын ұсынуды сұраймыз.

Қосымша сұрақтар бойынша:

Ақтөбе қаласы "Астана ауданы әкімі аппаратының" ММ, сәңкібай батыр даңғылы, 145 "Б"

Байланыс телефондары: 41-64-39, 41-73-17.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1997217-xalyq-qatysatyn-byudzet-bagdarlamasy-turaly-ne-bilemiz/