Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанат Элиманов Тоқаевқа 25 қаржы пирамидасы жойылғаны жөнінде баяндады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев/Жанат Элиманов
Қасым-Жомарт Тоқаев/Жанат Элиманов. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Президентке агенттіктің биылғы 10 айда атқарған жұмысы туралы есеп  берілді, деп хабарлайды Ақорда.  

Кездесу барысында Жанат Элиманов мемлекет басшысына қылмыстық істерді жаппай қозғау тәжірибесінің жойылғаны және адал бизнесті қылмыстық қудалаудың азайғаны жөнінде баяндаған.

Элимановтың сөзінше, соның нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарының саны жыл сайын азайып келе жатқаны байқалып отыр. Атап айтқанда, өткен жылмен салыстырғанда тіркелген істер саны 30 пайызға төмендеген.

Жанат Элимановтың айтуынша, қабылданған шаралар келтірілген шығындарды өтеуге, 300 миллиард теңгеден астам активті қайтаруға мүмкіндік берген. Жиырма бес ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген.

Ақшаны қолма-қол шығарумен айналысатын 119 топтың қызметіне тосқауыл қойылған.

Бұдан бөлек, ол мемлекет басшысына 25 қаржы пирамидасы жойылып, жәбірленушілердің 8,3 миллиард теңге шығыны өтелгені туралы баяндаған.

Сондай-ақ, қаржылық пирамидалармен күрес аясында заңсыз мазмұндағы 8,8 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталған. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында қаржылық барлау қызметі есірткі сататын 15 интернет-дүкенді әшкерелеген. Олардың жалпы сауда айналымы 4,4 миллиард теңгені құрайды және 27 мыңнан аса азаматты қамтыған.

Бұл материалдар Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік қызметіне жолданған.

Одан бөлек, Цифрлық активтерді пайдалана отырып, қылмыстық жолмен тапқан кірісті жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес аясында агенттік Binance ірі халықаралық криптобиржасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.

Сонымен қатар Жанат Элиманов президентке Қазақстанның "қаржыны жылыстатуға қарсы күрес" ұлттық жүйесі ФАТФ талаптарына сәйкестігі бойынша Өзара бағалаудан өтіп жатқаны жөнінде мәлімет берген.

Кездесу соңында мемлекет басшысы Жанат Элимановқа қаржы пирамидалары мен алаяқтық әрекеттердің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ агенттіктің өз ішінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуді тапсырған.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1997230-zanat-elimanov-toqaevqa-25-qarzy-piramidasy-zoiylgany-zoninde-bayandady/

pixel