Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстанның даму банкіне" жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Нұрлан Байбазаров
Нұрлан Байбазаров. Фото: "Қазақстан даму банкі" АҚ баспасөз қызметі

Нұрлан Байбазаров "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Қазақстанның даму банкі" ресми сайтында.

Нұрлан Серікұлы Байбазаров 1975 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Банк ісін ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінен бастаған.

2004 жылдан 2011 жылға дейін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-да басқарма бастығынан бастап басқарушы директорға дейін әр түрлі лауазымдарды атқарған.

2013-2016 жылдары Ұлттық экономика министрлігінде экономика салаларын дамыту департаментінің директоры, 2016 жылдан бастап қазіргі күнге дейін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ еншілес ұйымы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы болған.

"Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік медалімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1997422-nurlan-baibazarov-qazaqstannyn-mamu-bankinin-bassysy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel