Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді екінші деңгейдегі банктер арқылы ала алады

Опубликовано:

Фото
Фото: pixabay

Қазақстандықтар әлеуметтік-еңбек саласының мемлекеттік қызметтерін екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы ала алады. Тиісті платформаларда қазірдің өзінде қандай мемлекеттік қызметтер қолжетімді екенін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен айтып берді.

Министрлік азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдету жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда әлеуметтік-еңбек саласын цифрландырудың арқасында қазақстандық екінші деңгейдегі банктер арқылы 6 мемлекеттік қызмет қолжетімді болып отыр. Олар:

  • "Бала тууға және бала күтіміне жәрдемақы тағайындау";
  • "Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау (2023 жылғы қаңтардан бастап 1,5 жасқа дейін)";
  • "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының қаражатының түсуі мен қозғалысы туралы ақпарат беру";
  • "Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру";
  • "Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру";
  • "Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беру".

Осы мемлекеттік қызметтерді алу үшін смартфонға екінші деңгейдегі банктің қосымшасын орнату жеткілікті.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, бұл қызметтердің бір бөлігі 2021 жылы банк платформаларында ұсыныла бастаған, ал басқалары жақында қолжетімді болды.

2022 жылдың басынан бастап екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігін 173 мыңнан астам қазақстандық пайдаланды.

Еңбек министрлігінде атап өткендей, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және олардың қолжетімділігін арттыру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Министрлік екінші деңгейлі банктермен осындай платформалар арқылы азаматтарға қолжетімді болатын қызметтер тізімін кеңейтудің мүмкін жолдарын талқылауды жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландырудың негізгі мақсаты әкімшілік рәсімдерді оңайлату, азаматтардың электрондық түрде қызмет алуының барынша ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1997644-qazaqstandyqtar-aleumettik-enbek-salasyndagy-memlekettik-qyzmetterdi-ekinsi-dengeidegi-bankter-arqyly-ala-alady/

pixel