Қазақстанда президент сайлауы қалай өтті
20 қарашада, Қазақстанда президент сайлауы өтті. Қазақстандықтар алты кандидаттың біріне өз дауысын берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Елімізде сайлау учаскелері сағат таңғы 07:00-ден жұмыс істеп жатыр, алайда олардың кейбірі, ертерек таңғы 06:00-ден жұмысын бастап кеткен.
Ал Amanat партиясы Қоғамдық саясат институтының exit poll мәліметтері мынадай:
- ️ Қасым-Жомарт Тоқаев – 85,42;
- ️Қарақат Әбден – 2,61;
- ️Нұрлан Әуесбаев - 1,93;
- ️Жигули Дайрабаев - 2,67;
- Мейрам Қажыкен - 2,43;
- ️Салтанат Тұрсынбекова – 1,44;
- ️Бәріне қарсы - 3,04;
Алғашқы exit-poll деректері: Тоқаев Қазақстандағы президенттік сайлауда 82% дауыс жинап, жеңіске жетті.
"Ашық қоғам" халықаралық аймақтық зерттеулер институты жүргізген алғашқы exit poll қорытындысы белгілі болды - оның мәліметтері бойынша президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев ең көп дауыс жинады.
Сауалнамаларға сәйкес, дауыс беру нәтижелері мынадай болып отыр:
- Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,45%;
- Қарақат Әбден – 2,54%;
- Нұрлан Әуесбаев – 2,17%;
- Жигули Дайрабаев – 3,33%;
- Мейрам Қажыкен – 2,23%;
- Салтанат Тұрсынбекова – 2,08%;
- Барлығына қарсы – 5,2%.
- Қателесу +- екі пайыздық тармақты құрайды.
Сағат 22.00-ге азаматтардың келуі туралы алдын ала қорытынды ақпарат
20 қарашада елорда уақытымен сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 69,43% бюллетень алды.
Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:
- Абай облысы бойынша – 80,18 %
- Ақмола облысы бойынша – 78,87 %
- Ақтөбе облысы бойынша – 72,81 %
- Алматы облысы бойынша – 72,10 %
- Атырау облысы бойынша – 70,87 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 68,67 %
- Жамбыл облысы бойынша – 79,57 %
- Жетісу облысы бойынша – 81,42 %
- Қарағанды облысы бойынша – 78,39 %
- Қостанай облысы бойынша – 79,28 %
- Қызылорда облысы бойынша – 81,07 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 66,99%
- Павлодар облысы бойынша – 77,58%
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 79,01%
- Түркістан облысы бойынша – 80,37%
- Ұлытау облысы бойынша 75,48 %
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49 %
- Астана қаласы бойынша – 48,60%
- Алматы қаласы бойынша – 28,72%
- Шымкент қаласы бойынша – 59,79%
Сан-Францискода шетелдегі соңғы сайлау учаскесі ашылды
Сол арада Астана уақытымен сағат 21:00-де еліміздің батысындағы сайлау учаскелері жұмысын аяқтап, еліміздегі барлық сайлау учаскесі жабылды. Дауыстарды санау басталды.
Дауыс берудің алдын ала қорытындысын ҚР ОСК 22:05-те жариялайды.
Сағат 20.05-тегі жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы ақпарат
2022 жылғы 20 қараша сағат 20.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 69,31%-ы бюллетень алды.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 80,18 %
- Ақмола облысы бойынша – 78,87 %
- Ақтөбе облысы бойынша – 72,20 %
- Алматы облысы бойынша – 72,10 %
- Атырау облысы бойынша – 70,87 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,77%
- Жамбыл облысы бойынша – 79,57 %
- Жетісу облысы бойынша – 81,43 %
- Қарағанды облысы бойынша – 78,39 %
- Қостанай облысы бойынша – 79,28 %
- Қызылорда облысы бойынша – 80,31 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 66,18 %
- Павлодар облысы бойынша – 77,58%
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 78,24%
- Түркістан облысы бойынша – 80,37 %
- Ұлытау облысы бойынша 75,48 %
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49 %
- Астана қаласы бойынша – 48,67 %
- Алматы қаласы бойынша – 28,72%
- Шымкент қаласы бойынша – 59,79 %
Келесі жедел ақпарат сағат 22.05-те берілетін болады.
Еліміздегі сайлау учаскелерінің басым бөлігінде дауыс беру аяқталды
Қазақстандағы сайлау учаскелерінің басым бөлігі жабылып, дауыстарды санау басталды. Еліміздің батысында уақыт айырмашылығына байланысты учаскелер бір сағаттан кейін жабылады.
Шетелдегі 57 сайлау учаскесінде дауыс беру әлі жалғасуда.
Шетелде сағат 19.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның 7400-ге жуық азаматы дауыс берді
election.gov.kz сайтының мәліметінше, 53 шет мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12 841 адам болатын 68 учаскелік сайлау комиссиясы құрылған.
Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша шетелде 10 учаскелік сайлау комиссиялары (Корея Республикасы, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Гонконг, Шанхай, Таиланд, Индонезия) жұмысын аяқтап, 7400-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс берді. 57 учаске жұмысын жалғастыруда.
Сағат 18.05-тегі жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы ақпарат
2022 жылғы 20 қараша сағат 18.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 67,85%-ы бюллетень алды.
Оның ішінде:
- Ақмола облысы бойынша – 75,82 %
- Ақтөбе облысы бойынша – 71,23 %
- Алматы облысы бойынша – 70,92 %
- Атырау облысы бойынша – 67,88 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 64,77%
- Жамбыл облысы бойынша – 77,27 %
- Жетісу облысы бойынша – 77,08 %
- Қарағанды облысы бойынша – 77,80%
- Қостанай облысы бойынша – 77,56 %
- Қызылорда облысы бойынша – 77,20 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 64,57 %
- Павлодар облысы бойынша – 77,12 %
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,46 %
- Түркістан облысы бойынша – 80,25 %
- Ұлытау облысы бойынша 74,45%
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 76,81 %
- Астана қаласы бойынша – 48,01 %
- Алматы қаласы бойынша – 27,93 %
- Шымкент қаласы бойынша – 59,56 %
Келесі жедел ақпарат сағат 20.05-те берілетін болады.
Сағат 16.05-тегі жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы ақпарат:
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 16.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 62,34 % бюллетень алды.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 73,57 %
- Ақмола облысы бойынша – 71,38 %
- Ақтөбе облысы бойынша – 68,81 %
- Алматы облысы бойынша – 55,11%
- Атырау облысы бойынша – 60,87 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 54,62 %
- Жамбыл облысы бойынша – 68,74 %
- Жетісу облысы бойынша – 68,88 %
- Қарағанды облысы бойынша – 71,89 %
- Қостанай облысы бойынша – 71,38 %
- Қызылорда облысы бойынша – 72,88 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 59,61 %
- Павлодар облысы бойынша – 72,73 %
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 72,21 %
- Түркістан облысы бойынша – 80,09 %
- Ұлытау облысы бойынша 72,75 %
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,42 %
- Астана қаласы бойынша – 44,39 %
- Алматы қаласы бойынша – 26,19 %
- Шымкент қаласы бойынша – 56,28 %
Келесі жедел ақпарат сағат 18.05-те берілетін болады.
Сағат 14.05-тегі жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы ақпарат
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 14.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,16 % бюллетень алды.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 69,32 %
- Ақмола облысы бойынша – 51,04 %
- Ақтөбе облысы бойынша – 53,21 %
- Алматы облысы бойынша – 40,85 %
- Атырау облысы бойынша – 52,56 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 43,85 %
- Жамбыл облысы бойынша – 52,74%
- Жетісу облысы бойынша – 52,17 %
- Қарағанды облысы бойынша – 53,75 %
- Қостанай облысы бойынша – 53,15 %
- Қызылорда облысы бойынша – 59,18 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 53,40 %
- Павлодар облысы бойынша – 52,55 %
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 53,10 %
- Түркістан облысы бойынша – 76,61 %
- Ұлытау облысы бойынша 68,32 %
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 52,99 %
- Астана қаласы бойынша – 39,79 %
- Алматы қаласы бойынша – 24,17 %
- Шымкент қаласы бойынша – 51,69 %
Келесі жедел ақпарат сағат 16.05-те берілетін болады.
АСК төрағасы: Комиссияға өрескел заң бұзушылықтар туралы ресми арыз түспеді
Sailau 2022 Telegram арнасының мәліметінше, Алматы қаласы АСК төрағасы Жанна Асанова комиссияға өрескел заң бұзушылықтар туралы ресми арыздар түспегенін айтты.
Комиссияға барлығы 12-ге жуық ұсақ шағым келіп түскен.
"Заң бұзу дерегін тіркеп, желіге тастамас бұрын, кәсіби мамандардың бағасын алғаныңыз дұрыс – бұл бұзушылыққа жата ма, жоқ па. Қандай жағдай болмасын, барлық бақылаушы мен ұйымдар таңертең хабарласып, біз жедел байланыста болдық. Ал заңды өрескел бұзуға келетін болсақ, мұндай жағдайлар болған жоқ", - деді ол.
Сағат 12.05-тегі жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы ақпарат жария болды
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 12.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 38,55 % бюллетень алды.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 43,67 %
- Ақмола облысы бойынша – 40,13 %
- Ақтөбе облысы бойынша – 44,48 %
- Алматы облысы бойынша – 25,83 %
- Атырау облысы бойынша – 40,42 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 27,55 %
- Жамбыл облысы бойынша – 41,29 %
- Жетісу облысы бойынша – 42,18 %
- Қарағанды облысы бойынша – 44,99 %
- Қостанай облысы бойынша – 42,87 %
- Қызылорда облысы бойынша – 43,46 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 41,19 %
- Павлодар облысы бойынша – 44,23 %
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 43,64 %
- Түркістан облысы бойынша – 64,21 %
- Ұлытау облысы бойынша 52,22 %
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 41,86 %
- Астана қаласы бойынша – 19,33 %
- Алматы қаласы бойынша – 16,89 %
- Шымкент қаласы бойынша – 34,41 %
Келесі жедел ақпарат сағат 14.05-те берілетін болады.
Тұңғыш президент сайлауда дауыс берді
Қазақстанның тұңғыш президенті де президенттік сайлауда дауыс берді - Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы No393 сайлау учаскесінде дауыс берген.
Сайлауда тағы кімдер дауыс беріп үлгерді?
Сайлауда дауыс беріп үлгергендер қатарында мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Астана әкімі Алтай Көлгінов, қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімов, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, отандық әншілер Роза Рымбаева мен Әли Оқапов және дизайнер Аида Қауменова бар.
Сайлауда Мейрам Қажыкен дауыс берді
"Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығы" республикалық бірлестігі атынан президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен кандидаттар арасында соңғы болып сайлауда дауыс берді.
Қазақстан президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауда дауыс берді
"Қазақ аналары – дәстүрге жол" РҚБ атынан президенттікке ұсынылған Салтанат Тұрсынбекова – сайлауда дауыс беріп үлгерген бесінші кандидат.
"Нәтижелерін қобалжып күтумен тұрған жайым бар. Әзірге қорытынды жасалмағасын, шаттыққа толы көңіл-күйдемін деп айта алмаймын, десе де көңіл-күйім жақсы. Себебі біз халықпен белсенді жұмыс жүргіздік және оның нәтижелері мені қуантып отыр", - деп ойын бөлісті Тұрсынбекова.
Сағат 10.05-ке азаматтардың учаскелерге келуі туралы ақпарат пайда болды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 10.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 23,37 % бюллетень алды.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 25,64 %
- Ақмола облысы бойынша – 21,21 %
- Ақтөбе облысы бойынша – 26,66 %
- Алматы облысы бойынша – 20,12 %
- Атырау облысы бойынша – 25,03 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 20,86 %
- Жамбыл облысы бойынша – 23,27 %
- Жетісу облысы бойынша – 25,58 %
- Қарағанды облысы бойынша – 32,27 %
- Қостанай облысы бойынша – 26,97 %
- Қызылорда облысы бойынша – 29,41 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 25,20 %
- Павлодар облысы бойынша – 27,90 %
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 27,33 %
- Түркістан облысы бойынша – 27,03 %
- Ұлытау облысы бойынша 27,81 %
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 23,17 %
- Астана қаласы бойынша – 13,73 %
- Алматы қаласы бойынша – 8,42 %
- Шымкент қаласы бойынша – 30,92 %
Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 12.05-те, 14.05-те, 16.05-те, 18.05-те және 20.05-те берілетін болады. Ал азаматтардың учаскелерге келуі туралы алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпарат сағат 22.05-те беріледі.
Тоқаев: Қазақстанның заң шығарушы органында оппозиция пайда болады деп күтемін
Қазақстанда әлі бірде-бір жаңа саяси партия тіркелмеген. Осыған байланысты журналистер Қасым Жомарт-Тоқаевтан парламенттік сайлаудан қандай өзгеріс күтуге болатынын сұрады.
"Біз жаңа партиялардың тіркеуге алынатынын айттық, қазір процесс жүріп жатыр. Партияларды жасанды түрде заңды бұза отырып тіркей алмаймыз, әсіресе егер олар өздері заң бұзса. Біз қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Парламент сайлауы басталғанға дейін бірнеше партия тиісті шарттарды орындап, тіркеле алады деп ойлаймын. Меніңше, бұл өзіміз үшін қажет. Оның үстіне парламенттік сайлау жаңа аралас жүйе бойынша өтеді. Мен сайлау нәтижесінде еліміздің заң шығарушы органында қызықты адамдар, оның ішінде оппозициялық көзқарастағы адамдар пайда болады деп күтемін", - деді мемлекет басшысы.
Тоқаев президент сайланғаннан кейін үкімет отставкаға кете ме деген сауалға жауап берді
"Саяси реформаларды жалғастыру керек, өйтпеген жағдайда тоқырау болады. Екінші жағынан, заң бойынша президент сайлауынан кейін үкімет отставкаға кетуге міндеттелмейді. Бұл әдетте парламенттік сайлаудан кейін міндетті түрде жүзеге асырылады. Парламент сайлауын өткізудің мерзіміне келсек, жыл соңында бұған қатысты арнайы мәлімдеме жасаймын. Сондықтан үкімет жұмысын жалғастырады, бірақ үкіметтің құрамында, сондай-ақ басқа ведомстволарда, әрине, қажетті өзгерістер болады", - деді Тоқаев.
Тоқаев: Елімізден заңсыз әкетілген капиталды қайтару туралы заң қабылдау керек
"Мемлекеттің жүйелі жұмысы жалғасады. Бас прокурордың басшылығымен арнайы комиссия құрылды, мен бұл комиссияның жұмысын жеке қадағалап отырмын. Уақыт өте келе біздің елден заңсыз әкетілген капиталды қайтару туралы заң қабылдау керек деп есептеймін. Ал өз еркімен қайтаруға келер болсақ, біз бұны құптаймыз", - деді сайлау учаскесіне келген Қасым-Жомарт Тоқаев.
Алматы әкімі Ерболат Досаев пен сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев та сайлауда дауыс берді.
Алматы әкімі Ерболат Досаев учаскеге жарымен бірге келген.
"Бүгін Қазақстан азаматтары өз конституциялық құқығын пайдаланады және еліміздің алдағы 7 жылда қалай дамитынын дауыс беру арқылы таңдайтын болады. Әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды, мен бүгін Алматы қаласының азаматы және тұрғыны ретінде қаламыздың, тұрғындарымыздың, отбасым мен олардың балаларының жарқын болашағы үшін өз дауысымды беруге келдім. Алматылықтар бірлігін көрсетіп, өз таңдауын айқындайтынына сенімдімін", - деді Ерболат Досаев.
"Сайлаудың ашық, жария, ұлттық заңнама нормалары мен халықаралық стандарттарға толықтай сәйкес өтуі үшін қажеттінің барлығы жасалды. Ел үшін осынау маңызды сәтте қазақстандықтар азаматтық кемелділік, жауапкершілік танытатынына және дауыс беруге белсене атсалысатынына сенімдімін", - дейді Мәулен Әшімбаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда дауыс берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың оң жағалауындағы Оқушылар сарайындағы No58 сайлау учаскесінде дауыс берді. Дәл осы сайлау учаскесінде ол өткен жылы парламенттік сайлауда дауыс берген. Сарай ғимаратында журналистер Тоқаевты күтіп отырды – дауыс бергеннен кейін ол БАҚ өкілдерімен тілдесті.
Қарақат Әбден сайлауда дауыс берді
"Елдегі демократиялық қозғалыстарды ескере отырып, зор үміт артамын. Біз әділетті, жаңарған Қазақстанға қол жеткіземіз деген ойдамын", - деді ол.
Қаракат Әбден кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсынан ұсынылған болатын. Ол бүгін Астананың №135 учаскесінде дауыс берді. Қарақат Әбден учаскеге ата-анасымен бірге келген.
Осы уақытқа дейін президенттікке алты кандидаттың үшеуі: Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев және Қарақат Әбден дауыс берді.
Еліміздегі барлық учаске жұмысын бастады
Облыстардағы, Алматы, Шымкент және Астанадағы комиссия ұсынған жедел ақпаратқа сәйкес, Астана уақытымен сағат 8:15-те, еліміздегі барлық 10033 учаске, сондай-ақ Қазақстанның шет елдердегі өкілдіктерінің жанындағы 17 сайлау учаскесі жұмысын бастады.
Шетелдегі 51 сайлау учаскесі уақыт белдеуіндегі айырмашылыққа сәйкес біртіндеп ашылатын болады.
Премьер-министр Әлихан Смайылов сайлауда дауыс берді
Премьер-министр Әлихан Смайылов президент сайлауында дауыс берді.
Нұрлан Әуесбаев пен Ерлан Қарин сайлауда дауыс берді
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Астанадағы №198 сайлау учаскесінде дауыс берген.
Сондай-ақ мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де президент сайлауында дауыс беріп үлгерді.
Жигули Дайрабаев президент сайлауында кандидаттардың ішінде алғашқы болып дауыс берді
Жигули Дайрабаев астанадағы сайлау учаскесіне әйелі мен немерелерімен келді. Ол кандидаттардың ішінде алғашқы болып дауыс берді.
Кандидат өз сайлау учаскесіне бірінші болып келгендіктен, кітап та сыйға алды. Ал немересі атасына президенттік сайлауда сәттілік тіледі.
Алғаш болып дауыс берген қазақстандық
СІМ Telegram-арнасының мәліметінше, Қазақстанның Жапония мен Кореядағы азаматтары Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды.
Осылайша, Токио қаласында сайлауда дауыс берген алғашқы қазақстандық кәсіпкер Сырымбек Тау болды.
"Сайлауға қатысу әрбір азаматтың борышы, мемлекет алдындағы парызы деп ойлаймын. Біз өз таңдауымызды жасап, мемлекеттік іске белсенді араласуымыз керек. Менің ойымша мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен іргесінің берік болуына әркім өз үлесін қосу қажет. Міне, сондықтан да бүгін кәсіпкер ретінде Токиода іс-сапармен жүріп, өз дауысымды ел болашағы үшін беруді жөн көрдім", - деді С.Тау.
Оңтүстік Кореяның астанасындағы №258 учаскеге алғашқы болып қазақстандық Юрий Цой келді. Ол Сеулде 5 жылдан астам уақыт тұрып, кәсіпкерлік қызметпен айналысады.
"Мен әрқашан Қазақстандағы жаңалықтарды белсенді қарап отырамын және елдегі оң өзгерістерді көріп жүрмін. Сондықтан бүгін Қазақстан президентінің сайлауында дауыс беруге шешім қабылдадым", - деді кәсіпкер.
Қай елдерде дауыс беруге арналған сайлау учаскелері ашылып үлгерді
СІМ-де хабарлағандай, қазіргі уақытта қазақстандықтар Токио (Жапония), Сеул (Оңтүстік Корея), Бейжің (Қытай), Шанхай (Қытай), Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур (Малайзия), Джакарта (Индонезия), Бангкок (Таиланд), Ұлан-Батырдағы (Моңғолия) сайлау учаскелерінде дауыс бере алады.