Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлихан Смайылов сайлау учаскесіне барып, дауыс берді

Опубликовано:

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: Telegram/Ukimet

Премьер-министр Әлихан Смайылов президенттің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды үкіметтің ресми Telegram арнасы.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министр Астанадағы Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз дауысын берген.

Сондай-ақ премьер-министр республиканың барлық азаматын сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырған.

"Осы күн мемлекетіміздің алдағы жеті жылдағы даму бағытын айқындайды. Біз азаматтық белсенділік танытып, мемлекет басшысы лауазымына өз кандидатымызға дауыс беруіміз керек.

Өз басым әділ және қуатты Қазақстан үшін, әрбір отбасының әл-ауқаты жоғары болуы үшін дауыс бердім", — дейді Әлихан Смайылов өз таңдауын жасағаннан кейін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1997974-alixan-smaiylov-sailau-ucaskesine-baryp-dauys-berdi/

pixel