Досаев президент сайлауында дауыс берді
Опубликовано:

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, Алматы әкімі мен жұбайы таңғы сағат 07:00-де Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейде орналасқан №358 сайлау бөлімшесіне алғашқы дауыс берушілердің бірі болып келген.
"Бүгінде Қазақстан азаматтары конституциялық құқығын пайдаланып, еліміздің алдағы 7 жылда қалай дамитынын сайлауда дауыс беру арқылы таңдап жатыр. Әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды.
Мен бүгін Алматы қаласының азаматы және тұрғыны ретінде қаламыздың, тұрғындарымыздың, отбасым мен балаларымның жарқын болашағы үшін өз дауысымды беруге келдім. Алматылықтар ауызбіршілік танытып, өз таңдауын айқындайтынына сенімдімін", - деді Досаев.

Әкімдік мәліметінше, Алматы қаласы бойынша 600 дауыс беру учаскесі ашық, оның 55-інде тұрғылықты мекенжайсыз дауыс бере аласыз. Алматыда шамамен 1,2 млн адамның дауыс беру құқығы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1997989-dosaev-prezident-sailauynda-dauys-berdi/