Қазақстандықтардың дауыс беруге қатысуы туралы алғашқы деректер жарияланды
Жарияланған күні:
Орталық сайлау комиссиясы ресми сайтында президент сайлауына қазақстандықтардың қатысуы туралы алғашқы деректерді жариялады.
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 10.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 23,37 % бюллетень алды", - деп хабарлады ОСК.
Аймақтар бойынша жағдай мынадай:
- Абай облысы бойынша – 25,64 %
- Ақмола облысы бойынша – 21,21 %
- Ақтөбе облысы бойынша – 26,66 %
- Алматы облысы бойынша – 20,12 %
- Атырау облысы бойынша – 25,03 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 20,86 %
- Жамбыл облысы бойынша – 23,27 %
- Жетісу облысы бойынша – 25,58 %
- Қарағанды облысы бойынша – 32,27 %
- Қостанай облысы бойынша – 26,97 %
- Қызылорда облысы бойынша – 29,41 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 25,20 %
- Павлодар облысы бойынша – 27,90 %
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 27,33 %
- Түркістан облысы бойынша – 27,03 %
- Ұлытау облысы бойынша 27,81 %
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 23,17 %
- Астана қаласы бойынша – 13,73 %
- Алматы қаласы бойынша – 8,42 %
- Шымкент қаласы бойынша – 30,92 %
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998013-qazaqstandyqtardyn-dauys-beruge-qatysuy-turaly-algasqy-derekter-zariyalandy/