Қазақстандағы президент сайлауы: 16.05-тегі жағдай бойынша сайлаушылардың 62,34 пайызы дауыс берген
Жарияланған күні:
Орталық сайлау комиссиясы ресми сайтында президент сайлауына қазақстандықтардың қатысуы туралы деректерді жаңартты. ОСК мәліметінше, сағат 16.05-тегі жағдай бойынша ел азаматтарының 62,34 пайызы дауыс берген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 16.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 62,34 пайызы бюллетень алды", - делінген ОСК хабарламасында.
Оның ішінде Абай облысы бойынша халықтың 73,57 пайызы,
- Ақмола облысы бойынша – 71,38 пайызы,
- Ақтөбе облысы бойынша – 68,81 пайызы,
- Алматы облысы бойынша – 55,11 пайызы,
- Атырау облысы бойынша – 60,87 пайызы,
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 54,62 пайызы,
- Жамбыл облысы бойынша – 68,74 пайызы,
- Жетісу облысы бойынша – 68,88 пайызы,
- Қарағанды облысы бойынша – 71,89 пайызы,
- Қостанай облысы бойынша – 71,38 пайызы,
- Қызылорда облысы бойынша – 72,88 пайызы,
- Маңғыстау облысы бойынша – 59,61 пайызы,
- Павлодар облысы бойынша – 72,73 пайызы,
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 72,21 пайызы,
- Түркістан облысы бойынша – 80,09 пайызы,
- Ұлытау облысы бойынша 72,75 пайызы,
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,42 пайызы,
- Астана қаласы бойынша – 44,39 пайызы,
- Алматы қаласы бойынша – 26,19 пайызы,
- Шымкент қаласы бойынша – 56,28 пайызы дауыс берген.
Келесі жедел ақпарат сағат 18.05-те жарияланатын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998092-qazaqstandagy-prezident-sailauy-1605-tegi-zagdai-boiynsa-sailausylardyn-6234-paiyzy-dauys-bergen/