Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы президент сайлауы: 16.05-тегі жағдай бойынша сайлаушылардың 62,34 пайызы дауыс берген

Опубликовано:

Құжаттарды қарап отырған қызметкер
Құжаттарды қарап отырған қызметкер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Орталық сайлау комиссиясы ресми сайтында президент сайлауына қазақстандықтардың қатысуы туралы деректерді жаңартты. ОСК мәліметінше, сағат 16.05-тегі жағдай бойынша ел азаматтарының 62,34 пайызы дауыс берген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 16.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 62,34 пайызы бюллетень алды", - делінген ОСК хабарламасында.

Оның ішінде Абай облысы бойынша халықтың 73,57 пайызы,

  • Ақмола облысы бойынша – 71,38 пайызы,
  • Ақтөбе облысы бойынша – 68,81 пайызы,
  • Алматы облысы бойынша – 55,11 пайызы,
  • Атырау облысы бойынша – 60,87 пайызы,
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 54,62 пайызы,
  • Жамбыл облысы бойынша – 68,74 пайызы,
  • Жетісу облысы бойынша – 68,88 пайызы,
  • Қарағанды облысы бойынша – 71,89 пайызы,
  • Қостанай облысы бойынша – 71,38 пайызы,
  • Қызылорда облысы бойынша – 72,88 пайызы,
  • Маңғыстау облысы бойынша – 59,61 пайызы,
  • Павлодар облысы бойынша – 72,73 пайызы,
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 72,21 пайызы,
  • Түркістан облысы бойынша – 80,09 пайызы,
  • Ұлытау облысы бойынша 72,75 пайызы,
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,42 пайызы,
  • Астана қаласы бойынша – 44,39 пайызы,
  • Алматы қаласы бойынша – 26,19 пайызы,
  • Шымкент қаласы бойынша – 56,28 пайызы дауыс берген.

Келесі жедел ақпарат сағат 18.05-те жарияланатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998092-qazaqstandagy-prezident-sailauy-1605-tegi-zagdai-boiynsa-sailausylardyn-6234-paiyzy-dauys-bergen/

pixel