Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысындағы өрт: Тоқаев зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді салуға қатысқандарды марапаттады

Жарияланған күні:

салынған тұрғын үйлер
Әулиекөл ауданында салынған үйлер. Фото: instagram.com/arkhimed_mukhambetov

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрт кезінде зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді салуға белсенді қатысқандарды наградтау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

Президент жарлығымен "Құрмет" орденімен:

  • Ибраимов Дәулет Дулатұлы  – "Строй Элит Дом" ЖШС байқаушы кеңесінің төрағасы;
  • Қарамакин Бауыржан Сәбитұлы  – "СК КВS" ЖШС директоры;
  • Орымбаев Нұрлан  Бахытжанұлы  – "Рудныйсоколовстрой" АҚ бас директоры; 

III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен:

  • Владимирова Оксана  Рашитовна  – "Рудныйсоколовстрой" АҚ "Отделстрой" ҚБ аға прорабы; 
  • Жақсалықов Олжабай Баймендіұлы  –  "БК-Строй" ЖШС тас қалаушысы;   

"Ерен еңбегі үшін" медалімен:

  • Арыққұлов Ерболат Болатұлы –  "Строй Элит Дом" ЖШС бригадирі;
  • Әбдіков Дархан Жәнібекұлы  –  "Алюминстрой" ЖШС директорының орынбасары;
  • Бекжанов Тайыр Ренатұлы   – "Алия-Сервис" ЖШС филиалының директоры;
  • Бораш Әбдірахман Әбдіхалықұлы  –  "Парасат Строй Проект" ЖШС директоры;
  • Ким Сергей Романович  – "БК-Стройпром" ЖШС директоры марапатталды.

Еске сала кетейік, 2 қыркүйек күні Қостанай облысының Әулиекөл ауданына қарасты Басаман және Семиозерный орман шаруашылығы бөлімшелерінің аумақтарынан басталған өрт 10 қыркүйекте толық сөндірілген болатын. Өрттің жалпы аумағы 43 мың гектарды құрады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт салдарынан екі елдімекендегі 91 тұрғын үй қирап, бүлінген.

Өрт басталғалы бері барлығы 2091 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998185-toqaev-qostanai-oblysynda-ortten-zardap-sekkenderge-arnalgan-turgyn-uilerdi-saluga-belsendi-qatysqandardy-marapattady/