Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжілістің жаңа депутаты Фуат Сатыбаев ант қабылдады

Опубликовано:

Фуат Сатыбаев
Фуат Сатыбаев. Фото: akzhol.kz

Мәжілістің жалпы отырысында "Ақ жол" партиясынан сайланған депутат Фуат Сатыбаев ант қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", - дейді Фуат Сатыбаев.

Фуат Сатыбаев мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.

Қазақпараттың хабарлауынша, Фуат Сатыбаев 2021 жылғы 10 қаңтарда "Ақжол" партиясынан Павлодар облыстық мәслихатының 7-шақырылымының депутаты болып сайланған.

Биылғы 9 қарашада Ортсайлауком отырысында Фуат Сатыбаевты парламент мәжілісінің депутаты ретінде тіркеу туралы қаулы қабылданған.

"Ақжол" партиясының ресми сайтында жарияланған деректерге сүйенсек, Фуат Сатыбаевтың еңбек өтілі 1988 жылдан басталады.

  • 1988-1989 жылдары Талдықорған облыстық ауруханасының хирург дәрігері;
  • 1989-1991 жылдары Үржар аудандық ауруханасының хирург дәрігері;
  • 1991-1993 жылдар аралығында Семей облыстық ауруханасының №2 емханасында хирург дәрігер;
  • 1993-1994 жылдары Алматы қаласындағы "Профсервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;
  • 1994-1998 жылдары Алматы қаласындағы кәсіподақтар "Мейірім" сақтандыру компаниясының директоры;
  • 1998-2003жылдары "Ақмолатурист" акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары;
  • 2003 жыл "Мойылды санаторийі" акционерлік қоғамы бас директоры қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ ол "Ақ жол" ҚДП Павлодар облыстық филиалының төрағасы болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998565-mazilistin-zana-deputaty-fuat-satybaev-ant-qabyldady/

pixel