Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін төмендетуді ұсынды

Опубликовано:

Теңге және калькулятор
Теңге және калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Депутат Аманжан Жамалов үкіметке қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалануы үшін жеткіліктілік шегін төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аманжан Жамалов Қазақстанда ересек адамның екі негізгі мәселесі барын айтады: біріншіден, "зейнеткерлікке шыққанша қалай күн көремін", сосын "осы зейнетақымен қалай күн көремін".

Ол 2013 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылған кезде оған барлық жеке жинақтаушы қорлардың есеп-шоттары аударылғанын еске салды. Ол кезде шоғырландыру зейнетақы жинақтарын тиімді басқаруға мүмкіндік береді, ал олардың кейбіреулері тіпті нақты экономиканы несиелендіруге бағытталады деп күтілген болатын.

"Тоғыз жылдан кейін күтілген нәтиженің екеуі де жоқ деген өкінішті қорытынды жасауға болады. Соңғы 12 айда БЖЗҚ табыстылығы 7,5 пайызды құрады. Бұл ретте инфляция қазірдің өзінде 18 пайыздан асты. Яғни, нақты табыстылығы теріске шықты... Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жүйелі тиімсіздігінің басты себебі – БЖЗҚ-ның осы нарықтағы монополиялығы", – деді ол.

Осыған байланысты ол зейнетақы активтерін басқару нарығын нақты жеке зейнетақы қорларына беру арқылы нақты монополиядан шығару мүмкіндігін қарастыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ол азаматтарға олардың жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану мүмкіндігін беру қажеттігін айтты. Ол президенттің зейнетақы жинақтарын түрлі мақсаттарға қарай ішінара алу туралы шешімі арқасында 2020 жылы 1,3 миллионнан астам бүгінде бағасы қымбаттап жатқан пәтерге қолжеткізіп, денсаулығын жақсартқанын еске салды.

"Жеткілік шегін көтергеннен кейін әлемде теңдесі жоқ бұл бастама аяқсыз қалды. Біздің бұл тәжірибені басқа елдер мұқият зерттеп, пайдаланып жатыр деген ақпарат бар. Үкімет зейнетақы жинақтарын пайдалану жеткіліктілігінің шектерін төмендету мәселесін, әсіресе оларды арттыру кезінде жүргізілген есептердің дұрыс еместігін ескере отырып, қайта қарауы қажет деп санаймын", — деп түйіндеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998655-deputat-zeinetaqy-zinagynyn-en-tomengi-zetkiliktilik-segin-tomendetudi-usyndy/

pixel