Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз - тең құқылы тәуелсіз мемлекетпіз": Қошанов ресейлік телеарнада айтылған даулы мәлімдеме туралы қандай пікірде

Опубликовано:

Тағайындау
Ерлан Қошанов. Фото: Ақорда

Мәжіліс спикері палата кулуарында "Ресейдің келесі мәселесі - Қазақстан" деген сөзде заң бұзушылықтар анықталса, Қазақстан Бас прокуратурасы Ресейдің Бас прокуратурасына талап жолдайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәжіліс спикеріне сұрақ қойған журналистер Қазақстан билігінің Ресейге қарсы сөйлеген өз азаматтарын жауапқа тартатынын, ал өз кезегінде соңғылары кейде "ойына келгенін айтатынын" атап өткен. Осы орайда БАҚ өкілдері бұл жағдайдың Қазақстанның Ресейден қорқатынын немесе оған тәуелді екенін білдіре ме деген сауал тастаған.

"Біз Ресейден қорықпаймыз және оған тәуелді емеспіз. Біз тең құқылы тәуелсіз мемлекетпіз", - деп жауап берді Ерлан Қошанов.

Оның айтуынша, мұндай мәселелер заңмен реттеледі. Сонымен қатар ол шетелдіктердің, соның ішінде Ресей азаматтарының да Қазақстанға қарсы қандай да бір әрекетіне президент те, депутаттар да, Сыртқы істер министрлігі де жауап бергенін атап өткен.

"Эфирде айтылған сөздер немесе журналистердің мәлімдемесі Ресей федерациясының ресми ұстанымы емес. Бұл жеке адамдардың пікірі мен жауапкершілігі. Егер бұл әрекеттерде бізге қатысты заң бұзушылықтар болса, онда біздің Бас прокуратура Ресейдің Бас прокуратурасына талап-арыз жібереді", - деп қорытындылады сөзін мәжіліс спикері.

Еске сала кетейік, жақында ресейлік телеарналардың бірінің эфирінде Украинадағы жағдайды талқылаған саяси шоу қонақтары Қазақстан "Ресей үшін келесі проблемаға" айналуы мүмкін екенін айтқан еді. Бұл мәлімдемеге қатысты еліміздің СІМ басшысының орынбасары пікір білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998659-biz-ten-quqyly-tauelsiz-memleketpiz-qosanov-reseilik-telearnada-aitylgan-dauly-malimdeme-turaly-qandai-pikirde/

pixel