Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пашинян ҰҚШҰ саммитінің қорытынды декларациясына қол қоюдан бас тартты

Жарияланған күні:

Никол Пашинян
Никол Пашинян. Фото: Alexei Nikolsky\TASS via Getty Images

Кеше Ереванда ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, аталған жиынға Қазақстан президенті де қатысты. Сессия қорытындысы бойынша 17 құжатқа қол қойылуы керек болған. Алайда, Никол Пашинян бір құжатқа қол қоюдан бас тартты. Бұл туралы Армения премьер-министрінің ресми сайты хабарлайды.

Армения премьер-министрі жиын басында сөз алып, арасында Тоқаевты жаңа мерзімге сайлануымен құттықтады.

"Өкінішке қарай, бізде мерекелік көңіл-күй жоқ. Соңғы екі жыл көлемінде ҰҚШҰ мүшесі Армения Әзірбайжан тарапынан кем дегенде үш рет агрессияға тап болды. Арменияның ҰҚШҰ-ға мүшелігі Әзірбайжанның агрессиялық іс-әрекеттеріне көмектеспегені қапаландырады. Оның үстіне, Әзірбайжанның Арменияға қарсы агрессиясына байланысты ҰҚШҰ әлі күнге дейін бір шешімге келген емес", - деді Пашинян.

Ол дайындалған 17 құжаттың екеуі әлі де жетілдіруді талап ететінін атап өтті.

"ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась Әзірбайжан тарапынан Арменияның аумақтық тұтастығына қарсы жаңа агрессия болатыны туралы қауіптің сақталатынын мәлімдеді. Осы жағдайларда оқиғаға нақты саяси бағаның берілмеуі және жоғарыда аталған шешімнің қабылданбауы ҰҚШҰ-ның одақтастық міндеттемелерінен бас тартуын білдіріп қана қоймай, ҰҚШҰ-ның Арменияға қарсы агрессияға бағытталған жасыл шамы ретінде түсіндірілуі мүмкін. Бұл ҰҚШҰ-ның негізгі құжаттарына қарсы келеді. Осы орайда, құрметті әріптестер, "Армения Республикасына тиісті көмек көрсету туралы ҰҚШҰ декларациясы" жеткілікті дайындалды деп ойламаймын және бұған қол қоюдан бас тартамын", - деді Армения премьер-министрі.

Айта кетелік, жиын қорытындысы бойынша Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы лауазымына тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998706-pasinyan-uqsu-sammitinin-qorytyndy-deklaraciyasyna-qol-qoyudan-bas-tartty/