Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдік көліктерді бастапқы тіркеу 200 мың теңге болады - Сенат заң жобасын талқылады

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Сенаторлар Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында кезекті заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Парламент Сенатының ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Атап айтар болсақ, сенаторлар кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға және Қазақстанға инвестиция тартуға бағытталған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

Заң жобасына енгізілген жаңалықтар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кезінде қосымша құн салығын 70%-ға азайту жөніндегі ережені кеңейтуді көздейді. Енді төленетін салықтың осылай төмендеуі балық өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға да қатысты болады. Қант, кондитерлік өнімдер мен ашытқы өндірушілер үшін де ҚҚС мөлшерін 70% төмендету ұсынылып отыр. Заң жобасында сонымен қатар қант шикізатын импорттаушыларды да ҚҚС төлеуден босату ұсынылды.

Заң жобасында Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден әкелінген автомобильдерді бастапқы тіркеуге қою үшін бірыңғай алым мөлшерін қолдану да жазылған. Алым сомасы 200 мың теңгені құрайды. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Жолдауында осындай тапсырманы жария еткен болатын.

Сенаторлар заң жобасын талқылау қорытындысы бойынша оны палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998774-seteldik-kolikterdi-bastapqy-tirkeu-200-myn-tenge-bolady-senat-zan-zobasyn-talqylady/