Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 14 қаңтарда сенат депутаттарының сайлауы өтеді

Опубликовано:

Парламент сенаты
Қазақстан парламентінің сенаты. Көрнекі фото: Парламент сенаты

Қазақстанда 2023 жылғы 14 қаңтарда парламент сенаты депутаттарының сайлауы өтеді. Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының  2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімі 2023 жылы аяқталатынына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген президент жарлығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999059-2023-zylgy-14-qantarda-senat-deputattaryn-sailau-otedi/

pixel