Ресми түрде Қазақстан президенті қызметіне кіріскен Тоқаев бірнеше жарлыққа қол қойды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына жасап.
Президент мынадай жарлықтарға қол қойды:
- "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы";
- "Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы";
- "Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы";
- "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы";
- "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы";
- "Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы";
- "Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы".
Айта кетейік, бүгін Астанада президентті ұлықтау рәсімі өтті. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев ел алдында ант қабылдап, Қазақстан президенті қызметіне ресми түрде кірісті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999061-resmi-turde-qazaqstan-prezidenti-qyzmetine-kirisken-toqaev-birnese-zarlyqqa-qol-qoidy/