jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ресми түрде Қазақстан президенті қызметіне кіріскен Тоқаев бірнеше жарлыққа қол қойды

    Қасым-Жомарт Тоқаев қол қоюда
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына жасап.

    Президент мынадай жарлықтарға қол қойды:

    • "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы";
    • "Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы";
    • "Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы";
    • "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы";
    • "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы";
    • "Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы";
    • "Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы".

    Айта кетейік, бүгін Астанада президентті ұлықтау рәсімі өтті. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев ел алдында ант қабылдап, Қазақстан президенті қызметіне ресми түрде кірісті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram