Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көліктегі полиция департаментінің басшысы тағайындалды

Опубликовано:

Бақытжан Малыбаев
Марат Ахметжанов жеке құрамға Бақытжан Малыбаевты таныстыруда. Фото: Instagram/ Көліктегі ПД

Бақытжан Малыбаев Көліктегі полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. шкі істер министрі Марат Ахметжанов департаменттің жаңадан тағайындалған бастығын жеке құрамға таныстырды. Бұл туралы ведомствоның Instagram парақшасында хабарланды.

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен Көліктегі полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Малыбаев Бақытжан Әсембекұлы тағайындалды.

"30 жылдан астам уақыт Ішкі істер органдарында әртүрлі жауапты басшылық лауазымдарда жұмыс істедіңіз. Жинақталған тәжірибе мен қабілеттердің арқасында көлік полициясының қызмет көрсету аумағында қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз ететініңізге сенімдімін", – деп сенім білдірді оған Марат Ахметжанов.

Айта кетейік, Бақытжан Малыбаев 1969 жылы 23 шілдеде Жамбыл облысы Қордай ауданы Қызылтас ауылында дүниеге келген.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1990 жылы бастаған. 1990 – 2016 жылдар аралығында ішкі істер органдарында әртүрлі орта және аға басшылық құрам лауазымдарында қызмет атқарған.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы;

2018 жылдың 5 қыркүйегінен бастап 2019 жылдың 22 мамырына дейін Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары;

2019 жылдың 22 мамырынан бастап Астана қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999247-koliktegi-policiya-departamentinin-bassysy-tagaiyndaldy/

pixel