Тоқаев қысқы жылыту маусымына дайындықты тексеру үшін арнайы комиссия құруды тапсырды

Опубликовано:

ЖЭО
ЖЭО. Көрнекі фото: Pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы ЖЭО-дағы апаттан кейін орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеретін комиссия құруды тапсырды, деп хабарлайды БОРТN1 Telegram арнасы.

Комиссияға президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов жетекшілік етеді. Комиссия орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексереді деп күтіліп отыр.

Сондай-ақ комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғары аудиторлық палатаның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кіретіні белгілі болды.

"Президент жұмысты он күн ішінде нақты қорытындылармен және ұсыныстармен аяқтауды тапсырды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше Екібастұзға премьер-министр Әлихан Смайылов келген болатын. Үкімет басшысы апаттың не себепті болғанын түсіндірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999673-toqaev-qysqy-zylytu-mausymyna-daiyndyqty-tekseru-usin-arnaiy-komissiya-qurudy-tapsyrdy/