Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құмар Ақсақалов Қостанай облысының әкімі болды

Опубликовано:

Құмар Ақсақалов
Құмар Ақсақалов. Фото: t.me/KZgovernment

Құмар Ақсақалов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

"Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.

Құмар Ақсақалов бұл қызметте Архимед Мұхамбетовті алмастырды.

Айта кетейік, Құмар Ақсақалов бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысын басқарған еді. Ол бұл лауазымға 2017 жылғы 14 наурызда тағайындалған болатын.

Бұдан бөлек Құмар Ақсақалов әр жылдары Қостанай облысы Меңдiқара ауданының әкiмi, Қостанай облысы Таран ауданының әкiмi, Президент әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы, Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасары, "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы, "Нұр Отан" партиясының хатшысы, Президент әкiмшiлiгi басшысының орынбасары болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999749-qumar-aqsaqalov-qostanai-oblysynyn-akimi-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel