Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі лауазымында қалды

Опубликовано:

Дархан Сатыбалды
Дархан Сатыбалды. Фото: facebook.com/ontustik.gov.kz

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі лауазымында қалды. Оны өңір әкімі етіп тағайындау туралы тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.

Айта кетейік, Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып биыл 31 тамызда тағайындалған еді.

Дархан Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары.

С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын экономист-менеджер, Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандитаты.

Әр жылдары ҰҚК департаментінің бастығы, премьер-министрі кеңсесінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ парламент сенатының депутаты болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999777-darxan-satybaldy-turkistan-oblysynyn-akimi-lauazymynda-qaldy/

pixel