Қызылорда және Абай облысының әкімдері лауазымын сақтап қалды
Опубликовано:

Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ұранхаев Абай облысының, Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып қайта тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, Нұрлан Ұранхаев биыл 11 маусымда Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалған еді. Ол бұл қызметіне дейін Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болған.

Нұрлыбек Нәлібаев та биыл Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалған еді. Оған дейін Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Еске сала кетейік, Жетісу, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының әкімі де өз лауазымында қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999794-qyzylorda-zane-abai-oblysynyn-akimderi-lauazymyn-saqtap-qaldy/