Нұржан Нұржігітов те Жамбыл облысының әкімі лауазымында қалды
Жарияланған күні:
Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.
Айта кетейік, Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып биыл 7 сәуірде тағайындалған еді.
Нұржан Нұржігітов 1967 жылы дүниеге келген, білімі жоғары.
1991 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын "Инженер-механик", 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін "Экономика" мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.
Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы М.Горький атындағы колхозында механик болып бастаған.
Әр жылдары Төле би атындағы агробірлестіктің бас инженері, Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы сынды қызметтерді атқарған.
Одан бөлек, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Байзақ ауданының әкімі болып жұмыс істеген.
Жамбыл облысы әкімінің қызметіне дейін облыс әкімінің орынбасары болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999920-zambyl-oblysynyn-akimi-nurzan-nurzigitov-te-oz-ornynda-qaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.