Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге қатысты мораторий 2024 жылға дейін ұзартылды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төменде президент қаулысын ұсынамыз:

"Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы";

1-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы  1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын, оған мыналар қосылмайды:";

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

"2-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер;".

2. Осы Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс", - делінген құжатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000558-sagyn-kasipkerlik-subektilerin-tekseruge-qatysty-moratorii-2024-zylga-deiin-uzardy/

pixel