Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақып Асанов Жоғары сот төрағасы қызметінен босатылды

Опубликовано:

Жақып Асанов.
Жақып Асанов.: sud.gov.kz

Жақып Асанов Жоғары сот төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгінгі сенат отырысында Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу мемлекет басшысының ұсынымын таныстырды.

"Конституцияға сәйкес, сенаттың құзыреті бойынша сіздер Жоғары соттың төрағасын сайлау және қызметтен босату туралы мәселені қарастырып жатырсыздар. 5 жыл бұрын осы құқықтарыңызды пайдалана отырып, Жоғары сот төрағасы қызметіне Жақып Асановты сайлауға келісім берген едіңіздер.

Жақып Қажманұлының желтоқсан айында өкілеттілігінің аяқталуына және басқа қызметке ауысуына байланысты оны Жоғары соттың төрағасы қызметінен босу туралы ұсынымды өздеріңізге таныстырып отырмыз", - дейді Мұрат Нұртілеу.

Осылайша, сенат қаулысымен бес жыл Жоғары сот төрағасы болған Жақып Асанов қызметінен босатылып, оның орнына Жоғарғы сот төрағасы болып Асламбек Мерғалиев сайланды.

Айта кетейік, Жақып Асанов парламенті сенатының 2017 жылдың 11 желтоқсанындағы № 273-VI қаулысымен, ел президентінің шешімімен Жоғары сот төрағасы қызметіне сайланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000644-zaqyp-asanov-zogary-sot-toragasy-toragasy-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel