Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысына жаңа әкім тағайындалды

Жарияланған күні:

Ермағанбет Бөлекпаев
Ермағанбет Бөлекпаев. Фото: t.me/KZgovernment

Мемлекет басшысының жарлығымен Қарағанды облысының әкімі болып Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

"Ермағанбет Қабдұлұлы Бөлекпаев Қарағанды облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.

Ермағанбет Бөлекпаев бұл қызметте өңірді 2019 жылдан бері басқарып келген Жеңіс Қасымбекті алмастырды.

Ермағанбет Бөлекпаев 1975 жылы 2 қыркүйекте Қарағанды облысы Шет ауданы Успенка ауылында дүниеге келген.

1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы "Казкоммерцбанк" ААҚ Теміртау филиалында экономист қызметінен бастаған. 1997 жылдан 1998 жылға дейін Астанадағы "Бизнес-Информ" ИКО өкілдігінің директоры қызметін атқарған.

1998 жылдың қараша айында индустрия, энергетика және сауда министрлігінде экспорттық бақылау және лицензиялау департаментінің бас маманы лауазымында жұмыс істей бастаған. 2002 жылы осы ведомство бастығының орынбасары қызметіне тағайындалған.

2006 жылы Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2006 жылдан 2008 жылға дейін Павлодар облысы Павлодар ауданының әкімі қызметін атқарған.

2008 жылдан 2009 жылға дейін Павлодар облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарған.

Сонымен бірге Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы бойынша аумақтық басқармасының басшысы - тәртіптік кеңесінің төрағасы лауазымын атқарған.

2013 жылдан 2018 жылға дейін Астанадағы "Сарыарқа", "Алматы" және "Есіл" аудандарының әкімі лауазымында, 2018 жылы Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болған.

2018 жылдан 2020 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, 2020 жылдың қыркүйегінде Қарағанды қаласының әкімі қызметіне тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000690-qaragandy-oblysyna-zana-akim-tagaiyndaldy/