Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болды

Жарияланған күні:

Жеңіс Қасымбек Астанаға әкім болды
Жеңіс Қасымбек. Фото: Gov.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бүгін Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын", – делінген Жарлықта.

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек 1975 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында тағылымгер-зерттеуші болып бастаған.

1998 2000 жылдары Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің бөлімін басқарды. ККМ Су көлігі департаментінің директоры болып жұмыс істеген.

Ал 2001 жылы Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия мемлекеттік университетінде "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша білім алған.

2004 жылдан 2005 жылға дейін "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" РМК директоры болды.

2005 жылы қарашада оны Көлік және коммуникация вице-министрі етіп тағайындады. Содан кейін Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы болды.

Кейінірек Көлік және коммуникация министрлігін басқарды.

Бұдан кейін Инвестициялар және даму министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болды.

2019 жылы 25 ақпанда премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылы 19 қыркүйекте Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000726-zenis-qasymbek-astana-qalasynyn-akimi-boldy/