Ернар Баспаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Ернар Жеңісұлы Баспаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
"Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын", - делінген құжатта.
Ақорда сайтындағы мәліметіне сүйенсек, Ернар Жеңісұлы Баспаев 1979 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Мамандығы бойынша заңгер, экономика және бизнес бакалавры, іскерлік әкімшілендіру магистрі. Еңбек жолын 2001 жылы Әділет министрлігінде Авторлық құқықтар жөніндегі комитеттің жетекші маманы болып бастаған.
Әр жылдары Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің халықты тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бас маманы, басқарма бастығының орынбасары, Жоғарғы сот жанындағы Сот әкімшілігі комитеті басқармасының бастығы, Жоғарғы Сот аппараты бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Атырау облысы бойынша Әділет департаментін, Атырау облысы әкімінің аппаратын басқарды. 2019-2022 жылдары Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді. 2022 жылдың сәуір айынан бастап президенттің көмекшісі – ПӘ өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000806-ernar-baspaev-prezident-akimsiligi-bassysynyn-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.