Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Келесі жыл қазіргіден де күрделі, қиын болуы әбден мүмкін

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жыл қазіргіден де күрделі әрі қиын болуы мүмкін екендігін айтты. Бұл туралы президент бүгін Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Telegram-дағы БОРТ N1 арнасы.

Мемлекет басшысы өз сөзінде халықтың үкімет пен әкімдердің жұмысына шағымы орынды екенін айтты. Себебі елімізде "күн көру қиындап барады, баға шарықтап өсуде".

"Жұртшылық үкіметтің де, барлық деңгейдегі әкімдердің де жұмысына қатысты арыз-шағым айтуда. Халықтың сөзінің жаны бар. Өйткені шын мәнінде, күн көру қиындап барады, баға шарықтап өсуде.

Қаладағы және ауылдағы тұрғындардың өмірі үшін аса маңызды инфрақұрылымның тозығы жеткен, тіпті, мүшкіл халде десек те артық емес. Мұндай кезде қол қусырып, жайбарақат отыруға болмайды. Осындай жағдай бәрімізге қауіп төндіретіні анық. Оның үстіне, келесі жыл қазіргіден де күрделі, қиын болуы әбден мүмкін", - дейді президент.

Айта кетейік, бүгінгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылы орталықта және жергілікті жерде ауқымды кадрлық өзгеріс болатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2001160-toqaev-kelesi-zyl-qazirgiden-de-kurdeli-qiyn-boluy-abden-mumkin/

pixel