Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана қаласының және Қарағанды облысының әкімдері президентке есеп берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Жеңіс Қасымбек
Қасым-Жомарт Тоқаев және Жеңіс Қасымбек. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Астана қаласының және Қарағанды облысының әкімдерін қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы есеп берген.

Елорда әкімі мемлекет басшысына сорғы-сүзгі стансасы (ССС-3), газбен жылыту стансалары, жылу электр орталығы секілді қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы жөнінде баяндаған. Аталған нысандардың құрылысы 2023 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар ол президентке елорданы газбен қамту ісінің барысы, ұзаққа созылған құрылыс жұмыстарының аяқталуы, әлеуметтік нысандардың құрылысы, тұрғын үй алаптарын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, инвестиция тарту бойынша ақпарат берген.

Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкіміне жылу беру маусымының барысын бақылауда ұстауға, елорданы одан әрі өркендетуге қатысты бірқатар тапсырма берді.

Сондай-ақ президентке Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аймақтың биылғы 11 айдағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жөнінде есеп берген.

Қасым-Жомарт Тоқаев және Ермағанбет Бөлекпаев
Қасым-Жомарт Тоқаев және Ермағанбет Бөлекпаев. Фото: Ақорда

Ермағанбет Бөлекпаев мемлекет басшысына өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқыны туралы баяндаған. Облыс әкімінің мәліметінше, өнеркәсіптің барлық саласында оң үрдіс байқалады. Атап айтқанда, бұл сала 6 пайызға өскен.

Кездесу барысында аймақтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының, оның ішінде жылу және сумен қамтамасыз ету жүйесінің жағдайына айрықша назар аударылған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ермағанбет Бөлекпаевқа облысты одан әрі дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2001419-astana-qalasynyn-zane-qaragandy-oblysynyn-akimderi-prezidentke-esep-berdi/

pixel