Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Облыс әкімдерінің тағы бір орынбасары пайда болуы мүмкін

Опубликовано:

қызметкер
Қызметкер. Көрнекі фото: pixabay.com

Облыс әкімдерінде тағы бір орынбасар пайда болуы мүмкін. Бұл әкімдіктің құзыретін кеңейтуге бағытталған деп мәлмідеді үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов.

"Әкімдіктердің қызмет көрсету аясын кеңейту және халықты толғандыратын маңызды мәселелерді үйлестіру жұмысын күшейту жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында, әкім орынбасарларының санын тағы бір адамға арттыру көзделіп отыр.

Бұл ретте бастама жергілікті атқарушы органдардың қызметін қаржыландыру үшін бекітілген лимит аясында жүзеге асырылатын болады", - дейді Тимур Жақсылықов.

Сонымен қатар ол қазіргі таңда орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың дербестігін арттыруға баса назар аудара отырып, бюджетті бөлу тәсілдері қайта қаралып жатқанын атап өтті.

"Жергілікті деңгейлерге бір мезгілде орталықтан шығын құзіреті мен қосымша кіріс көздері беріледі. Бұл өңірлердің дербестігін қамтамасыз етіп, өзін өзі қамтуына жол ашады", - дейді Ұлттық экономика вице-министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2001519-oblys-akimderinin-tagy-bir-orynbasary-paida-boluy-mumkin/

pixel