Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз": Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы ЖЭО-ның жағдайы

Жарияланған күні:

ТЭЦ
Фото: pixabay

Тұрғындар екі аптаға жуық уақыт бойы жылусыз қалған Екібастұздағы жағдайдан соң еліміздің жылу энергиясы орталықтары басты назарда. Біз Жезқазған мен Балқаштағы ЖЭО-ның және Топар бас энергия тарату станциясының жағдайы қандай екенін анықтауды жөн көрдік.

Жезқазғандағы ЖЭО: сапасы тиісті деңгейде, жоспар бойынша жаңартылған

Жезқазған ЖЭО қала тұрғындары үшін жылу және электр энергиясын өндіріп, еліміздегі ең ірі мыс өндірушісінің өнеркәсіптік алаңдарының қажеттіліктерін өтеп отыр. Қазіргі таңда кәсіпорында 700-ден астам адам жұмыс жасап жатыр. Жылу энергия орталығы 1959 жылы пайдалануға берілген. Оның жұмысын тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін мұнда жыл сайын күрделі жөндеу жүргізіліп, ескірген жабдықтар жаңартылып отырады.

Қазіргі таңда ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ал жылу бекітілген температуралық кестеге сай берілуде. Мәселен, 57-ге 97 деген норма сақталса, жылу тасымалдағыштың іс жүзіндегі температурасы станциядан шығарда тікелей берілген кезде 99-100 градусқа және кері қайтқан кезде 65-66 градусқа дейін жетеді. Яғни, өңірде жылумен қамту сапасына қатысты проблемалар жоқ.

Қазіргі таңда кәсіпорында қазанагрегаттарға жасалып жатқан жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

«Жазғы маусымда бірнші және екінші желілерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген, сонымен бірге инвестициялық бағдарламалар аясында 110 киловольтты қосалқы станцияда 9 ажыратқыш ауыстырылған. ЖЭО-ға күрделі жөндеу жүргізу аясында біз №10 стационарлық қазанды және №8 қазан қанқасын ауыстырдық. Тағы да 10-шы қазанагрегатты қайта монтаждау жоспарда бар», - дейді «Kazakhmys Energy» ЖШС Жезқазған ЖЭО электр цехының бастығы Думан Сүлейменов.

Маманның айтуынша, тарифтер көтерілген жағдайда модернизация жөніндегі жұмыстар жақын арадағы 2 жыл ішінде өткізілуі керек. Бұдан бөлек 2022 жылы станциядағы 15 жоғары вольтты ажыратқыштарды ауыстырған. Ал оған дейін бір қазанагрегат басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қосылған. Бұл оның өткізу қабілетін 240 тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

«Станцияның негізгі және қосалқы жабдықтарын жөндеу бойынша регламенттік жұмыстар, көмірді түсіру кешенін, сонымен бірге тепловоздық және бульдозерлік парк пен №6 қазанагрегатты күрделі жөндеуден өткізу жүзеге асырылды. Отын-көліктік, қазандық, турбиналық, электрлік, химиялық цехтардың, жылу автоматикасы цехының негізгі және қосалқы жабдықтарына ағымдағы жөндеу жүргізілді», - дейді атқарылған істердің көлемін тізіп шыққан Жезқазған ЖЭО операциялық директоры Мадияр Алтыбаев.

Балқаштағы ЖЭО: кідіріссіз жұмыс

Балқаш ЖЭО Жезқазғандағы жылу орталығына қарағанда едәуір ертеректе салынған. 300 жұмысшысы бар кәсіпорын 1937 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жылыту маусымын өткеру үшін екі қазан жеткілікті болғанымен, қазіргі таңда мұнда 4 қазан жұмыс істеп тұр. Алайда сенімділік үшін ЖЭО қолда бар қазанның барлығын да пайдаланып отыр. Балқаш ЖЭО мыңдаған көппәтерлі үй мен жүздеген коттедж үйді жылумен қамтамасыз етіп отыр.

Елдегі барлық ЖЭО секілді бұл орталық та жабдықтың ескіруі проблемасымен бетпе-бет келіп отыр. Бүгінде ЖЭО жабдықтарының 70 пайызына жуығы тозған. Алайда меншік иесі жабдықтарды жөндеу және жаңарту үшін айтарлықтай күш пен қаражат құйып отыр. Айта кетерлігі, бұл мақсатта тек 2022 жылы 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл тұста модернизация процесі жалғасуда. Келесі жылға тағы 2 күрделі жөндеу мен Е-270 қазанын ісе қосу жоспарланып отыр.

«Бұл біздегі бесінші қазан болмақ. Құрылыс 2017 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл біздің алдағы өсу перспективамыз. Қазір параметрлері басқа, айтарлықтай қуатты жаңа қазандар шығарылуда. Мәселен, олардың температурасы 540 градусқа дейін жетеді және қысымы 100 келіге тең. Осы 5-қазаннан кейін 4-қазанды монтаждау көзделіп отыр», - деп атап өтті «Kazakhmys Energy» ЖШС Балқаш ЖЭО-ның жобалар тобының жетекшісі Олег Исаков.

Кәсіпорындағы барлық мүмкін проблема мен ұсақ-түйек апаттық жайттар жылыту маусымына дейін жөнделген. Мәселен, Балқаш ЖЭО-да бір қазанагрегат пен турбоагрегатқа 2 күрделі жөндеу жасалған. Жылу беру, турбиналық және қазан цехтарын қосалқы жабдықтау бойынша жұмыстар аяқталды.

Бүгінгі таңда ЖЭО қорында 769 тонна мазут бар. Бұл төмендетілмейтін көрсеткіштен 5 есе артық. Одан бөлек кем дегенде келесі жылдың қаңтар айына дейін жететін 147 тонна көмір бар.

Топар БЭТС: тәуекелдер жоқ, қуаттылық артуда

Топар бас энергия тарату станциясы жылдар бойы «Қарағанды БЭТС-2» деп аталған. Кәсіпорынды 1962-1968 жылдар аралығында бірнеше кезеңмен іске қосқан. Бұл қуаттылығы 100 МВт болатын турбиналар орнатылған алғашқы электр станциясы. 1997 жылдан бастап БЭТС жұмысын «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жүргізуде және Абай қаласы мен Топар ауылын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр.

Бүгінде станцияда энергетика министрлігімен бірге кешенді модернизация жөніндегі жұмыстар жүргізілуде және бұл жұмыстар 2026 жылдың соңына қарай аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл үшін ведомствомен келісу аясында тағы 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлу көзделген.

Қолға алынған шаралардың арқасында БЭТС өндірілетін қуаттылық мөлшерін де арттырған.

«Топар ауылы мен аудан орталығы – Абай қаласын жылумен қамту үшін 5 қазан керек. Бізде қазір 12 қазан жұмыс істеп тұр. 2-уі резервте, тағы 2-уіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Яғни 12 қазанның көмегімен біз жылыту маусымын өткереміз. Біздің БЭТС үшін ешқандай қауіп жоқ»,- дейді «Kazakhmys Energy» ЖШС бас директоры Темірлан Өтегенов.

БЭТС басшылығының айтуынша, кәсіпорындағы жылыту маусымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жөндеу және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2 турбина жаңартылған және станция отын қорымен толықтай қамтамасыз етілген. Сонымен бірге ұжым толығымен оқытылып, кез келген штаттан тыс жағдайларға дайын.

«Станция қысқа толығымен дайын, ешқандай апат болған жоқ. Қауіп те жоқ деп сенемін, себебі біз алдын ала саналы түрде БЭТС-ті қысқа дайындау жұмыстарын өткізген болатынбыз. Кесте толығымен орындалды. Мәселен, далада 19 градус аяз болса, біз 88 градус беруіміз керек, іс жүзінде 91 градус беріп отырмыз», - деді «Топар» БЭТС операциялық директоры Александр Бузо.

Байқап отырғанымыздай, жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан ЖЭО жұмысына тиісті әрі жауапты түрде қараған кезде, кәсіпорындар тұрғынүйлерді, тіпті өндірістерді жылумен қамту секілді өмірлік маңызды функциясын кедергісіз атқара алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2001753-stattyq-rezimde-zumys-istep-zatyrmyz-qaragandy-zane-ulytau-oblystaryndagy-zeo-nyn-zagdaiy/