Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы президентке есеп берді

Опубликовано:

Марат Омаров президент қабылдауында
Марат Омаров президент қабылдауында. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Марат Омаров президентке агенттік қызметінің негізгі бағыттары мен бәсекелестікті дамыту механизмдерін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берген.

Сондай-ақ ол мемлекет басшысына негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелестікке кедергі келтіретін тосқауылдар мен оларды жоюға бағытталған агенттік қабылдап жатқан шаралар туралы баяндаған.  

Бұдан бөлек, Марат Омаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа монополияға қарсы жүргізілген тергеу жұмыстарының аралық нәтижелері, сонымен қатар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметін жақсартуға, оның ішінде корпоративтік басқару элементтерін енгізуге, мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға қатысты қабылданған операциялық шаралар туралы мәлімет берген. Биыл 118 іс бойынша тергеу амалы аяқталған, 95 іс әлі қаралып жатыр.

Кездесу соңында мемлекет басшысы экономиканың негізгі секторларындағы бәсекелестікті дамытуға, ведомствоның жүргізіп жатқан тергеу амалдарына, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғау және дамыту тәсілдеріне қатысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2001785-toqaev-basekelestikti-qorgau-zane-damytu-agenttiginin-toragasyn-qabyldady/

pixel