Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Әлихан Смайыловқа елдегі инфляция деңгейін төмендетуді тапсырды

Опубликовано:

Президент Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент Әлихан Смайыловты қабылдады: t.me/bort_01

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды Telegram-дағы БОРТ N1 арнасы.

Әлихан Смайылов президентке үкіметтің 2023 жылы атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары туралы айтты.

Сонымен қатар үкімет басшысы мемлекет басшысына сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жоспарлар, үкіметтің экономикалық саясаты, инфляцияны төмендету, мұнай-газ және энергетика салаларын, өңдеу өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті және экономиканың басқа да секторларын дамыту шаралары туралы баяндады.

Премьер-министр 44 реттеу саласында бизнеске кедергі келтіретін 10 мыңға жуық талапты жою және қайта қарау, шағын және орта бизнестегі жұмыспен қамтылғандар санын 3,8 миллион адамға дейін арттыру, 38 мың жұмыс орнын аша отырып, құны 4,2 триллион теңге болатын 289 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру, бірқатар ірі инфрақұрылым нысанын салу және басқа да жұмыстарды атқару көзделіп отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің ішкі нарықты отандық өндіріс тауарларымен қамтамасыз ету, азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларының қызметін қайта жасақтау, жаңа форматтағы мектептер салу, ауылдық денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту, азаматтарды жұмыспен қамту және басқа да жоспарларымен танысты.

Бұдан бөлек, премьер-Министр экспортты, нақты жалақыны және жалпы экономиканың өсімін арттыруды, сондай-ақ инфляцияны төмендетуді қамтитын республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты алдағы жылға арналған болжамын жеткізді.

Кездесу соңында президент үкіметке сайлауалды бағдарламаны орындау жөнінде кешенді шаралар қабылдауды, сондай-ақ мемлекеттің макроэкономикалық жоспарлары мен әлеуметтік міндеттемелерін іске асыруды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2001908-prezident-alixan-smaiylovqa-eldegi-inflyaciya-dengeiin-tomendetudi-tapsyrdy/

pixel