Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде табиғаты көркем жерлерге алып баратын жолдарды кім күтіп ұстайды

Опубликовано:

жол қыс
Фото: pixabay

Қысқы демалыс кезінде табиғаты көркем жерлерге барып демалғысы келетіндердің саны көбейеді. Қазақстандықтар Зеренді, Саумалкөл, Бурабай сынды демалыс орындарын жиі таңдайды. Ал демалыс аймақтарына өз көлігімен барғанды жөн көреді. Осы орайда туристік аймақтарға алып баратын жолдардың ыңғайлы болуы өте маңызды. Бүгін біз материалымызда сол жолдарды және оларды күтіп ұстау барысы туралы сөз етпекпіз.

Саумалкөл - Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл. Жақында туристер арасында ол үлкен танымалдылыққа ие болды. Көркем табиғат пен қаланың қарбалысынан алыс таза ауа ешкімді бейжай қалдырмайды.

Саумалкөлге алып барар жолды №10 Жол пайдалану бөлімі күтіп-ұстаумен айналысады, жолшылар жаңа жауған қарды, көктайғаққа қарсы материалдар себу, сондай-ақ арнайы техниканың көмегімен жол жиектерін тазалау жұмыстарын жүзеге асырады. Жол бойында қардан қорғайтын қалқандар қойылып, траншеялар жасалады.

Демалушылар арасында балық аулауды ұнататындар да аз емес. Олар өз кезегінде негізінен Зерендіні жиі таңдайды. "Астана-Щучинск" автобанымен 240 шақырым жерде орналасқан бұл мекен көлдер мен тамаша көріністерге толы. Мұнда келген туристер, аймақты туристік "жұмаққа түскенмен" тең деп жатады.

Мереке күндері, туристер ағыны көп болған кезде, бұл бағыттың жолдары ерекше назарда болады. Зерендінің жолын №73 Жол пайдалану учаскісі күтіп ұстауда. Аталмыш жолда қардан тазалау жұмыстарымен қатар, басылған қарды тазалау жұмыстары да жүзеге асырылады. Барлығы жол қауіпсіздігі үшін жасалады.

Бурабайға туристердің ағыны, тіпті қыста да көп. Ұзындығы 66 шақырым болатын «Щучинск – Бурабай» автомобиль жолын нөмір 5-ші Жол пайдалану учаскісі күтіп ұстайды. Өздеріңіз білетіндей, бұл жолдар күшті бұрылыстар және өрлеу жолдарымен танымал. Сондықтан пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жыл сайын инновациялық әдістер енгізілуде.

Биыл пилоттық жоба ретінде, «Щучинск - Бурабай» жолына проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі қойылды. Ол өткелдер қалың қар және боран кезінде де көрінеді. Сондай-ақ, көліктің қауіпсіз қозғалысы үшін мысық көзі атты жарық шағылыстырғыш катафоттар қойылды. Қазір барлық қауіпті аймақтарда және жаяу жүргіншілер өткелдерінде күн сәулесінен қорғайтын жарық диотды жол белгілері жұмыс істеп тұр.

Курорттық нысандарға алып баратын жолдар-отандық туризм дамуының кепілі. Қазақстанның дамыған курорттық аймақтары шетелдік қонақтар үшін де тартымды. Ал демалыс кездері жолдың қарқындылығының артуына орай, күтіп-ұстау жұмыстары ерекше назарға алынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2002303-elimizde-tabigaty-korkem-zerlerge-alyp-baratyn-zoldardy-kim-kutip-ustaidy/

pixel