Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің зейнет жасына қатысты заңға қол қойды

Жарияланған күні:

Ақша санап отырған зейнеткер
Зейнеткер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2028 жылға дейін әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде белгілеуді және басқа да нормаларды көздейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген хабарламада.

Хабарламада Заңның мәтіні баспасөзде жарияланатыны айтылған.

Еске салсақ, аталған Заңға сәйкес мынадай ұғымдарды заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылған:

жастардың даму индексі;

уақытша жұмысқа орналаспаған жастар (NEET санатындағы жастар);

жастармен жұмыс жөніндегі маман;

жастардың еңбек жасақтары.

Сондай-ақ құжат аясында "жастар" ұғымының жас шегін 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайту жөнінде түзету енгізілді.

Жалпы бұл құжат жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға әсер береді. Атап айтсақ, жастарға тұрғын үйді жеңілдікпен жалға беру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейтуге бағытталған түзетулер қаралған.

Бұдан басқа, мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру үшін заң аясында әлеуметтік блокты шешетін мынадай түзетулер енгізілді:

1) бала күтіміне байланысты жәрдемақыны бала 1,5 жасқа дейін жеткенше төлеу;

2) ең төмен базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен – 70 пайызға дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120 пайызға дейін жеткізу.

3) әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас деп бекіту;

4) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2003022-qasym-zomart-toqaev-aielderdin-zeinet-zasyna-qatysty-zanga-qol-qoidy/