Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эльвира Азимова Конституциялық соттың төрағасы болып тағайындалды

Опубликовано:

Эльвира Азимова
Эльвира Азимова. Фото: Facebook/ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл/Уполномоченный по правам человека в РК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эльвира Азимованы Конституциялық соттың төрағасы лауазымына тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

"Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.

Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ресми сайтының мәліметінше, Эльвира Азимова 1973 жылы 15 ақпанда дүниеге келген.

1996 жылы халықаралық заңгер мамандығы бойынша Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде бастаған.

1996 жылдан 1999 жылға дейін Халықаралық құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекші, бас кеңесшісі болған.

1999 жылдан бастап 2005 жылға дейін Заңнама, халықаралық құқық және хаттама департаменттері басқармалары бастығының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарған.

2005 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында Заңға тәуелді актілер және халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, келісім-шарттар және талап-арыз жұмыстары департаменттерінің директоры лауазымдарында жұмыс істеген.

2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры, 2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылдың 2 қыркүйегінен осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2003559-elvira-azimova-konstituciyalyq-sottyn-toragasy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel