Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Артур Ластаев адам құқықтары жөніндегі уәкіл болды

Жарияланған күні:

Артур Ластаевтың ант қабылдап тұрған сәті. Фото
Артур Ластаевтың ант қабылдап тұрған сәті. Фото: Ақорда

Артур Ластаев адам құқықтары жөніндегі уәкіл болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгіні сенат отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына Артур Ермекұлы Ластаевтың кандидатурасын ұсынды. Сенат депутаттары мемлекет басшысы ұсынған кандидатураны қолдады.

Бас прокуратура сайтында жарияланған мәліметтерге сүйенсек, Артур Ластаев 1983 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін "халықаралық құқық" мамандығы бойынша бітірген. Аға әділет кеңесшісі.

Қызметін 2006 жылы Алматы қаласы прокуратурасының Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Сондай-ақ Бас прокуратурада бес жылдан астам жұмыс істеген, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің бөлімін басқарған.

2016 жылғы қаңтардан бастап Бас прокуратураның өкілі – БҰҰ және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасы тұрақты өкілдігінің кеңесшісі болған.

Ал, 2018 жылдың шілдесінен бастап Еуропадағы Бас прокуратураның өкілі - Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің кеңесшісі болып қызмет атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін Эльвира Азимова атқарған еді. Ол бүгін Конституциялық соттың төрағасы лауазымына тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2003592-artur-lastaev-adam-quqyqtary-zonindegi-uakil-qyzmetine-tagaiyndaldy/