Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстан азаматтарының банкроттығы туралы заңға қол қойды

Опубликовано:

Тоқаев Қазақстан азаматтарының банкроттығы туралы заңға қол қойды
Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан заңына және банкроттыққа қатысты өзге де бірқатар маңызды заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ президент "Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан заңына қол қойды.

Одан бөлек "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан заңына да қол қойды.

Еске салсақ, кеше парламент сенаты Қазақстандағы жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын мақұлдаған болатын. Онда үш процедура енгізу ұсынылатыны хабарланды:

  • соттан тыс банкроттық;
  • соттық банкроттық;
  • төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Соттан тыс банкроттық тек банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы берешек 4,9 млн теңгеден немесе 1600 АЕК-тен аспайтын жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. Бұл ретте мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік болмауы керек. Сондай-ақ соңғы банкроттық рәсімі басталған сәттен бастап 7 жыл өтуі керек.

Ал 4,9 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша азаматтар соттық банкроттық туралы өтініш бере алады.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процедурасында қарыздарды тұрақты табыс болған жағдайда сот шешімімен бес жыл ішінде бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылады. Қалпына келтіру жоспары қаржы менеджерімен бірлесіп әзірленіп, сотпен бекітіледі.

Банкроттық, Doingbusiness.kz сайтының мәліметі бойынша, борышкердің қарызын жоюға негіз болатын сот шешімімен танылған дәрменсіздігі. Бұған дейін Қазақстанда тек жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ғана банкрот деп танылатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2003812-toqaev-qazaqstan-azamattarynyn-bankrottygy-turaly-zanga-qol-qoidy/

pixel