Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Telegram-дағы БОРТ N1 арнасы.
Қазақстан президентің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі елдің басшылары бірін-бірі жаңа жылмен құттықтаған.
Сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізген.
Әңгімелесу барысында тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелерін де талқылаған.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық еткен.
Айта кетейік, бұған дейін бірқатар елдің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004000-toqaev-putinmen-telefon-arqyly-soilesti/