Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев үкімет аппаратының басшысын тағайындады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram арнасы.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ол М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған.

1995–2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып қызмет еткен. 

2004 жылы — Қазақстан Республикасының ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының жанындағы өкілетті өкілі болған. 2004–2006 жылдары — Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің бас инспекторы болған. 

2006–2008 жылдары — Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарған. 

2008–2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі (қоса атқарушы) қызметін атқарған. 

2012–2016 жылдары — Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі (қоса атқарушы) болған.

2016 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылдың 26 наурызында үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалған. 

2019 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен премьер-министрі кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. 

2021 жылдың 18 қаңтарында Қазақстан президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен  премьер-министрі кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды. 

2022 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004052-toqaev-ukimet-apparatynyn-bassysyn-tagaiyndady/