Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысының жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев еліміздің оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы БОРТN1 Telegram арнасы хабарлады.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған.
1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі.
1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры.
1997-2000 жылдары — БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі.
2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы.
2001-2006 жылдары — қосымша білім беру орталығының директоры.
2006-2020 жылдары — халықаралық білім беру орталығының бас директоры.
2006-2007 жылдары — техникалық-экономикалық колледж директоры.
2020 жылы БҒМ "Оқулық республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.
2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.
2022 жылдың наурыз айында білім және ғылым вице-министрі, сол жылдың шілде айынан бері оқу-ағарту вице-министрі қызметін атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004053-gani-beisembaev-oqu-agartu-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.