Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марат Қарабаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды

Опубликовано:

Тағайындау
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды БОРТ N1.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Марат Қарабаев 1987 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында туған. Ташкент автомобиль жолы институтын, Уорвик университетін (Ұлыбритания), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2011 жылы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің су шаруашылығы комитетінің су шаруашылығы ғимараттарының желілерін пайдалану және дамыту басқармасы сарапшысының м.а. ретінде бастады.  

2011 жылдан 2013 жыл аралығында  — Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті, сервистік индустрияны технологиялық дамыту басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы болған. 

2014-2015 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары м.а. қызметін атқарған.

2015-2017 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысының орынбасары, басшысы лауазымында болған. 

2018-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінде басшылық қызметтер атқарған.

2020 жылғы шілдеден 2021 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы индустриалды-инновациялық даму министрлігі, индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған.

2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін министрліктің индустриялық даму комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004058-marat-qarabaev-industriya-zane-infraqurylymdyq-damu-ministri-lauazymyna-tagaiyndaldy/

pixel