Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азамат Есқараев әділет министрі лауазымына тағайындалды

Жарияланған күні:

Азамат Есқараев. Фото
Азамат Есқараев. Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды БОРТ N1.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Есқараев Азамат Несіпбайұлы 1979 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласындағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастаған.

2000-2002 жж. – Қазақстан Республикасы әділет министрлігі заңнама департаментінің бас маманы қызметін атқарған.

2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнама департаментінде бөлім басшысы; басқарма басшысы болған.

2003-2005 жж. – әділет министрлігі заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

2005-2006 жж. – Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы, 2006-2007 жж. – "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ заң қызметтері департаментінің бас менеджері қызметтерін атқарған.

2007 жж. – Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты, ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы болған.

2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасы әділет министрінің көмекшісі, 2008-2009 жж. Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры лауазымында болған.

2009-2014 жж. – әділет министрлігі заңнама департаментінің директоры қызметін атқарған.

2014-2019 жж. – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде болған.

2019 жылдың маусым айынан бастап – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесі заң бөлімінің меңгерушісі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004065-azamat-esqaraev-adilet-ministri-lauazymyna-tagaiyndaldy/