jitsu gif branding logo appbranding logo app

Мұрат Жүребеков бірінші энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Мұрат Жүребеков
Мұрат Жүребеков. Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің қаулысымен Мұрат Өтемісұлы Жүребеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты бірінші энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Strathclyde университетін, Гарвард бизнес мектебін және Қазақстан-Британ техникалық университетін тәмамдаған.

Әр жылдары "ҚазТрансГаз" ЖАҚ-та, "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ-та, Лондон қаласындағы "Аджип ККО" компаниясында, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "PSA" ЖШС-да жұмыс істеген. 

2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін Энергетика вице-министрі, 2019 жылғы желтоқсаннан қазіргі уақытқа дейін бірінші энергетика вице-министрі қызметін атқарған.

Мұрат Жүребеков бірінші энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.